Негізгі
Библиографқа сұрақ қойыныз
Мы в социальных сетях
Іс-шаралар |
Мероприятия |
2010 «Ванганың ұлы даналығы» (Ванганың - 100 жылдығына орай) Ежелден адам баласы өз болашағын болжауға құмар. ХХ ғасырдың феномені және ұлы болгар халқының болжаушысы Вангелия Димитрованың 100 жылдығына орай кітапхана оқу залында іс-шара өтті. Бұл тақырып көп оқырмандарға жақын болғандықтан ба оқу залына жиырмадан астам оқырман жиналды. Бұл іс-шараны тифлосектордың жетекшісі Катишев С. жүргізді. Жүргізуші басында Ванга туралы ғалымдардың болжамдары мен пікірлерін баяндай отырып, көріпкелдің бақилық болған адамдармен тілдесе алатын қасиеті жөнінде айтып берді. Тұяқбаева Н. Ванганың балалық шағымен өмірбаяны жөнінде оқып берді. Сонан соң оқырмандарға «Великая прорицательница» атты деректі фильм көрсетілді. Фильм тартымды да қызықты, Ванганың өмірдегі көптеген фактілерді суреттей отырып, ұлы көріпкелдің туыстарын онымен дәмдес болған жазушыларды және оның қабылдауында болған кісілерді көрсетті. Іс-шараны «Великая мудрость Ванги» көрме ұйымдастырылып, оқырмандарға Ванганың түс жорамалдары ол жайлы ғалымдардың еңбектерімен БАҚ материалдары қойылды. Домалақ ана ОҚО кітапханасында әр аптаның сәрсенбісінде оқырмандармен іс-шаралар өткізіледі. Осындай іс-шаралар дәстүрлі түрде оқу залында өтсе «Жастар ел болашағы» атты кездесу кітапхана ғимаратынан тыс Домалақ анамыздың кесенесінде өтті. Болашағыңды ойласаң бесігіңді түзе демекші біз жастарды патриоттық тәрбиені Анаға деген Отанға деген махаббатпен байланыстырып отырмыз. Осынау киелі жерге жас зағип І-ІІ топтағы 20-астам көз мүгедектері барды. Анамызға зиянат қылып құран оқылып болған соң, қыздар мен жігіттер Нүриланың күмбезін қолдарымен ұстап көріп, кесененің алдындағы мәр-мәр тастан жасалған құран кітабының бетіндегі жазуларды саусақтарымен ұстап оқыды. Сондай-ақ кесене маңындағы бұлақтың суымен сусындап, сол жерде жастар киелі сумен көздерін жуып, өз тілектерін іштей айтып жатты. Кесенені толық аралап болған соң, кітапханашы Абжаппарова Ләззат қазақтың осы тарихи тұлғасы жайында және Нүрила анамызға арнайы соғылған мавзолейі туралы қызықты материалдар мен аңыз-әңгімелерді оқып берді. Сол жерде Катишев Сабит оқырмандарды аталмыш мавзолейдің кіші қалыпты мүсінімен таныстырды. Өткен кездесуді қорыта келгенде оқырмандардың ой-түйіні ел болашағының тұғыры жастар. Сондықтан жастардың Отанына деген махаббаты, ата-анасынан басталатыны анық. Әрқайсымыз ата-анамызды қадірлеп-қастерлеп өтсек біздің Отанымызда жетім балалар болмақ. Ал Отанымыздың болашағы берік болмақ.
2012 «Өлкемнің өнегелі өрені» циклынан: (Белгілі зағип зейнеттегі заң қызметкері Х.Кулетованың кездесу)
«Тағдырластар» клубының жоспарында жоғарыдағы көрсетілген айдармен өз орталарына үлгі болатындай немесе сол кісіден көп нәрсені үйренетіндей адамды шақыру қолға алынды. Осындай отырыстың алғашқысы Кулетова Халима Саябанқызына бұйырыпты. Әдеттегідей кітапхана тифлозалына аудандардан, қаладан келген жастар келді. Халима Саябанқызы бұл кездесуге бірден келісімін берген жоқ. Табиғатынан марапаттау, мақтау секілді нәрселерді қалай бермейтін Халима апай бұл кездесуде «Сіз жастарға өмір жолын көрсетуіңізге міндеттісіз» - дегеннен соң ол кісі кездесуге келді. Халима қарапайым отбасында Тараз қаласында дүниеге келіпті. Өз айтуы бойынша әкесі Ұлы Отан соғысында жоғалып кетіп, шешесі тоғыз баламен жесір қалады. Жазмыштың бұйрығымен сегіз бала бірінен соң бірі дүниеден өтіп, Халима анасымен жалғыз қалады. Соғыс кезінде бұлар Шымкент қаласына қоныс аударып, анасы нан зауытында жұмыс істейді. 9 жасар Халима да анасының көмекшісі болып күні-түні вагонеткаларға нан тиеп келген паравоздардың шойын жолдарын күлден тазалап жұмыс істепті. Алғашқы еңбек жолын Халима апай темір жонушы (токарь) мамандығын игеріп, станоктармен машиналардың қосалқы бөлшектерін жасаған. Жастық жалынның арқасында, біз ауыр жұмысты бітіре сала үстіміздегі жұмыс киімімізбен би алаңына құрбыларыммен көңіл көтеруге кетіп қалатынбыз. Жұмыс істеп жүріп Халима Саябанқызы Шымкент қалалық педагогикалық институтының филология факультетін тәмамдаған соң, ішкі істер органдары қызметіне шақырылады. Өз айтуы бойынша бұл кісі шет елдерден келушілерді және шет елдерге баратын адамдардың құжаттарын реттеу және рәсімдеу болған екен. Әңгіме барысында Халима апай қызметте болған көптеген қиындықтар мен қызықты жайттарды баяндап берді. 27 жасында фосфор зауытының қарапайым жұмысшысымен бас қосып, екі ұлдың анасы атанды. Бірақ Халимаға тағдырдың дайындап қойған қатаң сыбағасы алда екен. Бір күні тісін емдетуге барған жас келіншек аяқ астынан нервтерге зақым келтіру арқасында бірденнен көз жанарынан айырылып, жақ сүйектерін игере алмай 8 жыл бойы қиналады. Жолдасы түсіністікпен қарап, екеуі балаларын өсіріп, солардың қылығына сүйсініп жүрген кезде жолдасының денсаулығы сыр беріп, қан түйіршіктерінде фосфор элементтері табылып, осының әсерінен Халиманың күйеуі дүниеден озады. Осындай тағдыр тауқыметін басынан өткізген қарапайым қазақ әйелі аяқ асты келген дерттің кесірінен отбасын құрып үлгерген тұңғыш ұлынан да айырылады. «Ендігі менің өмірімнің қызығы да демеуім де тұңғыш ұлымнан қалған немерелеріммен Нұрлан есімді ұлым» - дейді кейуана. «Алғашқы осы кітапхананың табалдырығын 2000 жылы аттап, зағиптар қоғамына есепке тұрдым. Содан бері үйімдегі сырласым мен серігім де дыбысталған кітаптар. Бос уақытымды бедерлі-нүктелі брайль жүйесіне арнаймын. Қазір ептеп осы тәсілмен басылған кітаптарды өзім оқи беремін. Ұлым жұмыспен Астана қаласында тұрады. Сондықтан мен брайль әріптерімен керекті дәрілерімнің сыртына аттарын жазып қоямын. Тігін жіптердің түсін және анықтама телефондарын да брайль нүктелерімен белгілеп қоямын» - дейді қарт ана. Сөз соңында Халима Саябанқызы жастарға тағдыр соққысына төтеп беруді, өмірге деген құмарлықты, еңбекке бейімділікті және жігерлікті жоғалтпауға шақырды. Сонымен қатар қонақ қойылған көптеген сұрақтарға да жауап беріп жатты. Біз осы кездесуде «Шіркін-ай адам жүрегі еттен жаралса да неткен берік едің!» деген ойға батып, кездесу соңында кітапхана және оқырмандар атынан денсаулық пен бақыт тіледік. (ОҚО арнайы кітапханасының тифлосектор бөлім меңгерушісі Катишев С.П.) |