«Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз еңселі болсын!» «Менің елім - Мәңгілік ел!» (КР тәуелсіздігіне 25 жыл)
Іс – шаралар

Өткізілген уақыты: 5 қаңтар, сағ 11-00.

Іс-шараның мақсаты: қоғамдық саяси әдебиеттерді насихаттау және мемлекеттік саяси мейрамдар жайлы мағлұматтар беру.

 

Арнайы кітапхана да аталмыш тақырыпқа сай кітап көрмесінің тұсаукесері өткізілді. Осы орайда, қазақ елінің ғасырлар бойғы арманына қол жеткізіп, тәуелсіздікке жеткен жолдары баяндалды. Қаншама қилы замандардан бір Аллаға сыйынып ұлан ғайыр жерімізді сақтап, ұлттық рухымызды жоғалтпай, егеменді еркін елге айналып отырмыз. Тұсаукесер аясында Мәделі Қожаға 200 жыл, Ақын-жыршы Қазанғап Байболұлының 125 жылдығы және атақты әртіс Айша Абдуллинаға 100 жыл толуына орай өмірі мен шығармашылықтарына тоқталып, кеңірек таныстырылып өтілді. Азаттықтың ауасымен тыныстап, қанатын еркін қағып, бейбіт күнде биікке самғап, болашаққа Елбасы атап көрсеткен  «100 нақты қадаммен» талпынып, бүгінде 25 жасқа толып отырған ұлы дала елі қазақ халқы, асқақ арман мен мол мақсаттарға жетуге талпынып келеді. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық тарихы еркіндікке кеше ғана қол жеткізсе де, тамыры тереңнен сыр толғайды. Кітап көрмесінің тұсаукесерінде тәуелсіздік тақырыбындағы ой-толғаулар мен түрлі тарихи және ұлттық тәрбиелік мәні бар кітаптар қойылды. Жиналған көрермендердің жастар жағы өздерінің жан-жақты пікірлерін айтып жатса, қариялар жағы Тәуелсіздікке жеткенімізге шүкір, Аллаға тәубе тыныштығымызды тұрақты, бейбітшілігімізді берік те баянды, азаттығымызды тұғырлы қылғай деп ақ бата-тілектерін ақтарып салды. Бұл жиында «Алаш қозғалысына - 100 жылдығы» да айтылып өтті. Біз бұл тұста Әлихан Бөкейхановтар бас көтерген алаш қозғалысынан алаштың азаттықты әріден аңсап, алға ұмтылғанын аңғарамыз. Бабалар арманы бүгінде біздің басымызға бақ болып орнады. Ендігі жерде тәуелсіздігіміз мәңгілік болып, келер ұрпақ мақтанышпен айтарлық мәңгілік елге айнала бергей деген ниетпен тұсаукесер кеші өз мәресіне жетті.

 

 

 

 

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции

Открытый бюджет

sound by Jbgmusic