Негізгі
Библиографқа сұрақ қойыныз
Мы в социальных сетях
«Ақындық өнердің асқақ даңқы» («Бір өлке - бір кітап» аясында Қ.Байболұлының шығармалары) |
Іс – шаралар |
Өткізілген уақыты: 22 қаңтар, сағ 11-00
Іс-шараның мақсаты: Қ.Байболұлының жыршы, айтыскер ақын болғандығын айта отырып, шығармалары, ізгілік дәнін себумен қатар, ұлтжандылыққа тәрбиелейтіндігін насихаттау. Арнайы кітапхананың оқу залында аталмыш тақырыпта әдеби кеш өтті. Рухани кешке оқырмандарымыз жиналып, ақынның қалам тартқан шығармаларды талқылап. Қазанғап Байболұлы - ХХ ғасырда өмір сүрген жыршы, айтыскер ақын болған. Отанға деген қастерлі ұғымның адам бойына қалыптасуына үндейді. Әдебиетіміздің інжу-маржаны саналатын «Еңсегей бойлы ер Есім», «Төле бидің тарихы» атты ірі көлемді дастаны тақырып тұздығы болды. Кеш барысында ақынның қисса- дастандары жан-жақты зерделеніп, қызу талқыға түсті. Зағип жастар жағы ойларын еркін ортаға салып, ақын шығармаларындағы терең пәлсафаға мән берді. Шүкіршілік, егемен ел атанып, көгімізге көгілдір туымызды көтергелі бері жоғалғанымыз табылып, өшкеніміз жанып жатыр. Ел өмірінде елеулі орын алған ерекше перзенттердің еңбектері еленіп, жазғандары жарияланып жүр. Солардың қатарында Қазанғап ақынның да өзіндік орны бар. Өз заманының аса оқымысты адамдарының бірі болған бұл тамаша тұлғаның еңбектері оның кемел ойлы, ұлтжанды ұрпақтарының арқасында бүгінде бүкіл халық игілігіне айналып отыр. Қазанғап Байболұлының ақиық ақын болғанын, ақындық пен жыршылықты қатар үйлестіре білген, ол қасиеттеріне қоса тарихшы, шежіреші де екенін айтып, кешіміз өз мәресіне жетті. Кітап көрмесі: «Қазанқап мұрасы- ұрпақ қазынасы» Қойылған кітап саны: 14 дана («сөйлейтін», бедерлі-нүктелі, жазық-баспалы кітаптар және баспа материалдары) Берілгені: 20 дана |