«Екі жұлдыз» (Өнерлі ұстаз бен шәкірт)
Іс – шаралар

Өткізілген орны: Оқу залы

Өткізілген уақыты: 5 ақпан, сағ 11-00.

Іс-шараның мақсаты: Тәрбиенің рөлін арттыру, талғам мәдениетін тәрбиелеу, интеллектуальды мәдениетті қалыптастыра отырып, ұстаз бен оқушылар арасындағы талғамдық құндылықтарға жету қабілеттерін қалыптастыру

 

5 ақпан күні арнайы кітапхана оқу залында қаймағы бұзылмаған нағыз қазақтың жүрегінен шығып күні бүгінге дейін өз қалпында сақталған халық әндері қанат жая халықтап ұстаз бен шәкірт арасындағы өнер бірлестігі «Екі жұлдыз» атты ән кеші өтті. Кешке жиналған көпшілік көрермен ұлттық рухани бай мұрамыз саналатын орда өнерге деген шексіз махаббатпен риясыз ықылас қойып тамашалады. Жалпы жеті жұптан құралған өнерпаздар «Үміт» мектеп-интернатының ұстаздарымен оқушылары жұптасқан. Мұғалім мен шәкірттің бірігіп ән шырқауы көркем жарасымдылық пен халық әндерін насихаттауда ерекше маңызға ие болды. Алдымен бұл кештің мәні мен мазмұнын негізгі өтудегі мақсаты жайында кеңірек таныстыру үшін арнайы кітапхана директорының орынбасары Л.Темірбаева сөз алып көрермендерге халық әндерінің қасиетін дәріптеді. Кешті тифлобөлім меңгерушісі Л.Абжаппарова жүргізіп, қатысушы өнерпаздарды сахна төріне хабарлап отырды. Қатысушылар Сейдалиева Сымбат пен Өміртай Әкімжан халық әні «Қызылқұмда ауылым», Майемирова Инара мен Құралова Диана халық әні «Дудар-ай», Ермекбаева Ақмарал мен Пернебай Жандос халық әні «Дедім-ай-ау», Молдыбаева Әлия мен Исаханова Назима халық әні «Маусымжан», Белова Ольга мен Ксения Александровналар ағылшын халық әні «Призрак розы», Қалмырзаева Лаурамен Әлім Нұртілеу халық әні «Екеуің-ай», Жанбаев Асылжан мен Басқан Қасымхан халық әні «Дайдидау»-ды орындап шықты. Кеш барысында кітапхана қызметкері Бөрібекова Әдемі де әсем ән шырқап көрермен қошеметіне бөленді. Кештің соңында Л.Темірбаева қатысушы өнерпаз жұптарға үлкен ризашылығын білдіріп, арнайы алғыс хаттар табыстап, шығармашылық табыс тіледі. Ән әлеміндегі қазақтың халық әндерінің орны аса зор әрі ерекше саналады. Ғасырлардың сыры мен сазын үнімен назын күні бүгінге жеткізген әндер кейінгі ұрпаққа да жалғасын тауып жойылмайды деген сенімдеміз. Әр жүректе ұлттық өнерге деген кіршіксіз махаббат барда ол ешқашан жоғалмақ емес. Тыңдаушы құлақ болса орындаушы көмей болары ақиқат. Әр санадан ой, әр көңілден ән тарқамасын деген тілекпен көпшілік оқырман кештен алған көңілді әсермен  тарасты.

 

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции

Открытый бюджет

sound by Jbgmusic