«Қазақ поэзиясының – Хантәңірі» (М.Мақатаевтың 85 жылдығына орай І-ІІ топ зағип жастар арасында байқау)
Іс – шаралар

Өткізілген орны: Оқу залы

Өткізілген уақыты: 10 ақпан, сағ 11-00.

Іс-шараның мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын оқушылардың жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, сыршыл да шыншыл ақын өлеңдерінің мәні мен маңызына үңілдіруге, рухани танымын кеңейтуге ықпал ету.

Ақындарын ардақтап қастерлей білген қасиетті кітапханамызда қазақтың ақиық ақыны М.Мақтаевтың 85 жылдық тойына арналған «Қазақ поэзиясының – Хантәңірі» атты байқау өтті. Байқауға облыстық «Үміт» мектеп-интернатының жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Байқауды өткізудегі негізгі мақсат: ақынның өлеңге толы өмірі мен шығармашылығын көпшілік көрерменге кеңінен дәріптей отырып жас таланттарды жарыққа шығарып поэзия әлеміне еркін қанат қағып, әдебиетке деген құштарлығын арттыру болып табылады. Байқауды тифлобөлім меңгерушісі Л.Абжаппарова жүргізді. Сайысқа 4 үміткер  қатысты.

  1. Камал Тоғжан
  2. Пернебай Жандос
  3. Өміртай Әкімжан
  4. Тұрлыбек Мадина

Байқау 4 шарттан құралды. Алғашқы сайыс «Сәлем сөздің атасы» деп аталды, қатысушы өнерпаз өзін-өзі таныстырды, 2 - сайыс «Мұқағали поэзия әлеміне саяхат» ақынның жырларын мәнерлеп, нақышына келтіріп  жатқа оқыу, 3 - сайыс мұзбалақ ақынның сөзіне жазылған әндерді нақышына келтіріп орындау және 4-ші – Мұқағали Мақатаевтың өмірінен қойылатын сұрақтарға толық әрі нақты жауап беру болатын.

Байқауға Оңтүстік Қазақстан облыстық көздері көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана директорының орынбасары Л.Темірбаева, С.Тұрлыбек Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ОҚО жазушылар одағы филиалы төрағасының орынбасары,  Дәркен Танабай белгілі ақын, «Алтын қалам» иегері, «Астана-Бәйтерек» фестивалінің лауреаты және өнерде жүрген ағамыз, кітапханамыздың жанашыры, Оңтүстік өңіріне танымал асаба С.Аймаханов кітапханамызда өткен көптеген іс-шараларға және «Қазақ поэзиясының – Хантәңірі» байқауына демеушілік етіп жүрген ағамыз қазылық етіп төрелік жасады.

Қатысушылар байқауға өте жоғары дайындықпен келіп талапқа сай тапсырмаларды орындап шықты. Байқау барысында «Күрең күз», «Сенің көзің», «Құмған алған», «Сәби болғым келеді» әндері орындалды. Кеш барысында кітапханамыздың белсенді оқырманы І-топ көз мүгедегі, көптеген байқаулардың жеңімпазы Төребай Нұржан «Күрең күз», «Ғашық жүрек» әндерін әуелетсе, «Үміт» мектеп–интернатының 10-сынып оқушысы Батырхан Әсел М.Мақатаевтың «Ғашықпын» өлеңін айтып берді. Ақын жүрегінен нәзіктікке тұнған Отанға, Туған жерге, Анаға, Өмірге деген жалпы тіршілік атаулыға деген шексіз махаббат лебі естілген жырлар туған. Мұқағали Мақатаевтың әрбір шығармашылық кештері, байқаулары мәнді де мазмұнды өтеді. Себебі, ақын ерекше жаратылған тұлға. Кез келген өлеңдерінен қарапайымдылықпен тазалық, адалдықпен шындықты көруге болады. Таланттар ортаға бар талабын салып өнер көрсетті. Байқаудың қортындысын кітапхана директорының орынбасары Л.Темірбаева қортындылады. Қатысушыларға  «Өнерге ғашық жас өрен», «Күміс көмей жез таңдай», «Ойы жүйрік - білімпаз», «Сезімге толы сырлы жыр» атты номинациялармен дипломдар мен ақшалай сыйлықтар тарту етілді. Оқырмандар Мұқағалидың ән, поэзия әлеміне бір сүңгіп, жақсы көңіл-күйде тарқасты.

 

 

 

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции

Открытый бюджет

sound by Jbgmusic