«Мейірім шуағы – жүрегімнің қуаты» («Тағдырластар» клубына 5 жыл)
Іс – шаралар

Өткізілген орны: Оқу залы

Өткізілген уақыты: 25 ақпан, сағ 11-00.

Іс-шараның мақсаты: кейін зағип болған қыздар мен жігіттерді, өмірде талай қиындықтарды кешіп, биік белестерге жеткен зағип азаматтардың өмір жолдарын көрсете отырып, сондай жастарды ортаға тартып, өзін тастап жібермеу, тағдыр-тауқыметін бірлесіп жеңу.

 

2016 жылдың 25 ақпанында ОҚО арнайы кітапхана шаңырағында «Тағдырластар»  клубының ашылғанына 5 жыл толуына орай мерекелік кеш өтті. Мерекелік кешті жүргізген клуб жетекшісі, кітапхана қызметкері Е.Бакиев. Кешке облыстық өлкетану музейінің филиалы «Ерлік» музейінің меңгерушісі Құдайбергенова Ақмарал Асанқызы, атақты шертпе күйдің шебері Генерал Асқаровтың қызы Табиғат Асқарова және алғашқы «Тағдырластар» клубының ашылуына ұйытқы болып, себепші болған, жастармен жұмыс жасап, қоғамға белсене араласып, өлшеусіз үлес қосып жүрген Катишев Сәбит Полатұлы қонаққа келді. Кеште әртүрлі әңгімелер айтылып, 5 жыл көлемінде атқарылған жұмыстарға, жеткен жетістіктерге біршама шолу жасалып, қызықты ойындар ойнатылды. Мерекелік кешке келген қонақтар кітапхана оқырмандарына, клуб мүшелеріне ақ тілектерін жолдап, қонақ кәде ретінде әсем әндерін тарту етті. «Ерлік» музейінің меңгерушісі А.Құдайбергенова «Бұлқынды жүрек» әнімен кешті ашса, дәстүрлі әнші, ұстаз, республикалық конкурстардың лауреаты Асқарова Табиғат Генералқызы Майлықожаның «Насихат» термесі мен «Тойға тілек» атты әуезді әндерін орындап, көпшіліктің ықыласына бөленді. Катишев Сәбит кейінгі жастарға ақ тілегін жолдап, ақыл кеңесін арнады. Кітапхана директоры Нұрманбетов Бәкір Әбдіұлы келген қонақтарға лебізін білдіріп, алғыс айтып, алға ұмтылып батыл болуға үндеп, кітапханаға жиі келіп тұруға шақыра келе, өзі де ерекше шабыттанып әсем ән шырқады. Кеш барысында белсенді оқырман Умаралиева Мамура «Уақыт» атты жыр оқыды,  Ермаханова Мадина Е.Бакиевтың сөзіне жазылған Төребай Нұржанның «Талпынамын шыңдарға» атты әнін шырқады, Төребай Нұржан өз әнін тарту етті. Кеш соңында клубтың белсенді мүшелерін арнайы номинациялармен марапаттап, сыйлықтар табыстады. Атап айтқанда: Төребай Нұржан «Салмақты сазгер», Умаралиева Мамура «Жыр оқудың жүйрігі», Барлыбаев Жомарт «Қазақтың қайсар жігіті», Үйсімбаева Перизат «Парасат ойдың кемеңгері», Тайыров Рүстем «Жарқын жұлдыз», Ермаханова Мадина «Талантты тұлға», Айнакулов Жарылқасын мен Мухаммадаминова Набира «Жарасымды жұп» және  Катишев Сәбит алғыс хаттармен, ал Сейдазимова Дүрияш құттықтау хатымен марапатталды.  Келген қонақтар да, қатысқан көпшілік те көтеріңкі көңіл күйде тарасты.

 

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции

Открытый бюджет

sound by Jbgmusic