«Көктем аруы»
Іс – шаралар

Кітапханада «Тағдырластар» клубының кезекті басқосуында «Көктем аруы» атты қыздар сайысы өтті. Мақсаты, облысымыздағы талантты зағип жанды арулардың талабын ұштап, таланттарын шыңдау. Зағип және көзі нашар көретін азаматтарға дарынды өнер иелерінің шығармашылығын тарту етіп, біліммен өнерге, шеберлік пен сұлулыққа баулып, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлау арқылы көктемдей құлпырған қыздардың шығармашылық жұмыстарын дәріптеу. Бес тапсырмадан тұратын сайысқа 5 ару қатысып таланттарын ортаға салды. Сайыс барысында Ордабасы ауданынан арнайы шақырылған қонақ жігіт Б.Жүрсінбек «Ақ бұлақ», «Үш меркі», «Сәби болғым келеді», «Дай-ди-дау», «Сегіз аяқ» атты бірнеше әндерін тарту етіп, оқырмандардың ықыласына бөленді. Сайысқа Жұмабай Лаура, Раджапова Тойгүл, Батырхан Әсел, Айнұр Смандияр, Бисен Бағжан сынды арулар қатысты. Сайыс соңында арулар «Көктем аруы», «Білімді ару», «Шебер ару», «Өнерлі ару», «Сәнді сұлу» номинацияларымен марапатталып, кітапхана әкімшілігі атынан арнайы дайындаған ақшалай сый-сияпаттарға ие болды. Өнерпаздар өзін-өзі таныстырып, өнерлерін ортаға салып, сән үлгісі мен сұрақ жауаптардан сүрінбей, үй тапсырмасын дайындап, түрлі бұйымдар мен қолөнерлер дайындап, қазыларға табыстап, жан-жақтылығын көрсете білді. Сайысты тамашалауға Кентау, Түркістан, Сарыағаш, Мақтарал, Төлеби аудандарымен қатар, №8 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының демалушылары мен кітапхананың тұрақты оқырмандары келді. Оқырмандар мен сайыскер аруларымыз кітапханашылар мен кітапханаға дән ризашылығын білдіріп, ыстық ықыластарын жүрек тебірентер лебіздерін жолдады.

 

 

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции

Открытый бюджет

sound by Jbgmusic