«Ән көңілдің ажары»
Іс – шаралар

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада сауықтыру айлығының кезекті сәрсенбісі 23. 10. 2019 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру-болашаққа бағдар» мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында «Ән көңілдің ажары» атты мерекелік кездесу кеші өтті. Кездесу кеші «Мақтаарал» мәдениет үйі директорының орынбасары, әнші Саруарова Айгүл Бейсебайқызына арналды. Кеште А.Саруарова бірнеше әнді керемет нотада орындап, көптің көңілін көкке самғатты. «Бұлқынды жүрек», «Той базар», «Зибаш ай», «Еркелетші», «Сүйген жар» әндерімен қоса қазақтың қара домбырасымен халық әндерін нақышына келтіре орындады. Кеш барысында Жетісай ауданынан келген Лаура Жұмабай, Тойгул Раджапова жыр оқып, кештің сәнін мазмұнды етті. Тамаша талант иесі Айгүл Бейсебайқызы әсем әнмен қатар, кітапханаға Мырзашөл өңірінен арнайы әкелген гүлін сыйға тартты.

 

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции

Открытый бюджет

sound by Jbgmusic