Негізгі
Библиографқа сұрақ қойыныз
Мы в социальных сетях
17012020 |
Іс – шаралар |
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қоғамдық сананы қайта түлетудің маңыздылығы туралы айтты. Ұлттық сананы сақтау және оны заман талабына бейімдеу мемле¬кеттік маңызы бар мәселеге айналды. Өйткені сананы жаңғырту арқылы ХХІ ғасырда еліміздің тың серпінмен дамуына жол ашамыз. Осы орайда Абай мұрасының тигізер пайдасы зор деп есептеймін. Ұлы ақынның шығармалары бү¬гін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Абай¬дың ой-тұжырымдары барша¬мызға қашанда рухани азық бола алады. Абай қазақтың дамылсыз оқып-үйренгенін бар жан-тәнімен қалады. Сондықтан ұлтымызды жаңғыр¬ту ісінде оның еңбектерін басшы-лыққа алып, ұтымды пайдалану жайын тағы бір мәрте ой елегінен өткізген жөн. Мен бұл мақалада Абай сөзі¬нің бүгінгі заманымыз үшін көкей¬кестілігі, ақын шығарма¬лары¬нан халқымыз қандай тағылым алу¬ға тиіс екендігі жөнінде жұртшы¬лық¬пен ой бөліскім келеді. «Ғылым таппай мақтанба» деп, білімді игермейінше, биіктердің бағына қоймайтынын Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында «Ұлы Абайдың 175 жылдығын» тәлім тәрбие ала отырып ұтымды етіп атап өту қажеттігі жайында айтып өтті. Осы тұста, Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана ұжымы мақаламен толыққанды танысып, ой-пікірлерімен бөлісіп, оқырмандарға насихаттау жұмыстарын ұйымдастырып, түрлі форматта іс-шаралар ұйымдастыруды жоспарға енгізді.
|