Күлу арқылы 100 жасаңыз
Іс – шаралар

Бүгін Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында сауықтыру айлығы аясында санитарлық режим сақтала отырып, офлайн формата «Күлу арқылы 100 жасаңыз» атты іс-шара болып өтті. Шараның мақсаты зағип жандарға қуаныш сыйлау арқылы көтеріңкі көңіл дарыту. Іс-шараға «Шаншар» театрының актері ҚР Мәдениет қайраткері Жүсіп Ақшора және «Шаншар» театрының жоғарғы санаттағы актері Нұржан Құлшынбаев арнайы қонақ болып келді. Келген қонақтар оқырмандарға қызықты әзілдерін ұсынып, әсерлі әңгімелер айтып, әсем сазды әнге бөледі. Оқырмандар тамаша талант иелеріне жылы лебіздерін білдіре отырып көкейдегі сұрақтарын да жолдап, жауап ала алды. Аталмыш шараны жүргізген кітапхана қызметкері Ербек Бакиев театр тарландарына тосыннан тапсырмалар беріп тапқырлықтарын көрерменге тағы бір тарту еткізді. Ол жердегі тапсырма кітапханашы мен кітап алушының образын сомдау болатын. Кітап алушы Ж.Ақшора мен кітапханашы ролін Н.Құлшынбаев өте жоғары денгейде ойнап шықты. Нұржан Төребайдың сүйемелдеуімен Ақмарал Басымбек «Ағаларым» әнін орындап ағалардың қошеметіне бөленді. Шара соңында кітапхана директоры Б.Нұрманбетов арнайы кітапхана атынан келген өнерпаздарға өз ризашылығын білдіріп, директор орынбасары У.Туранбаева алғыс хаттармен сый-сияпат табыстады. Жиналған оқырман талантты тұлғалармен естелікке суретке түсіп, көтеріңкі көңіл күймен тарасты

 

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции

Открытый бюджет

sound by Jbgmusic