13 қараша 2020ж - Халықаралық зағиптар күні
Іс – шаралар

«Әр жүректе үміт шамы сөнбесін!» Халықаралық зағиптар күні қарсаңында Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың ұйымдастыруымен «Шарықта, шалқар шабытым» жобасы аясында Шымкент қаласы және Түркістан облысының зағип оқырмандары арасында әйгілі композитор, қазақ вальсінің королі Ш. Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналған

«Ән аға – Шәмші аға» атты өңірлік өнер байқауы өтті. Іріктеу кезеңі онлайн форматта 2020 жылдың 25 қыркүйек -25 қазан аралығында өткен болатын. Байқауға қатысқан жалпы 37 үміткерлер арасынан шешуші кезеңге жолдама алған 7 үміткер қорытынды кезеңде сайысқа түсті.Үміткерлер Шәмшінің әндерін табиғи дауыста эстрада жанрында, түрлі аспаптарда орындады. Қорытынды кезең офлайн режимінде, санитарлық тәртіптер сақтала отырып өтті. Жеңімпаздар арнайы дипломдар және сертификаттармен марапатталды

Байқау нәтижелері:

3 орын – Нұрқожаев Тоқтамыс. Түлкібас ауданы

3 орын – Әйтек Зәуре. Ордабасы ауданы.

3 орын – Дәужігіт Мейірбек. Мақтарал ауданы.

2 орын – Дәмен Дәулет. Созақ ауданы.

2 орын – Валиев Заргар. Төлеби ауданы.

1 орын – Басымбек Ақмарал. Шымкент қаласы.

Бас жүлде – Жанпейсов Мақсат. Шымкент қаласы.

 

 

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции

Открытый бюджет

sound by Jbgmusic