«Желтоқсанда – мұзда жанған алауым, желбіретті тәуелсіздік жалауын»
Іс – шаралар

9.12.2020 жылы Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада еліміздің ұлы мерекесі Тәуелсіздіктің 29 жылдығына арналған «Желтоқсанда - мұзда жанған алауым, желбіретті тәуелсіздік жалауын» атты мерекелік іс-шара болып өтті. Іс-шараны кітапхана директоры Нұрманбетов Бәкір Әбдіұлы мен Қазақ соқырлар қоғамының қалалық филиалының төрағасы Алтынбеков Нұрғали Әмірбекұлы ашып беріп, мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Іс-шараға арнайы келген талантты әнші, 2015 жылғы «Х Фактор» жобасының жеңімпазы Астана Қарғабай әсем әндерімен көрермендерге керемет көңіл күй сыйлап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Нұрмағамбет Аруа мен кітапхана қызметкері, ақын Ербек Бакиев Тәуелсіздікке арналған жырларын оқыды. Іс-шара соңында арнайы кітапхана атынан кеш қонағы талантты әнші Астана Қарғабайға арнайы алғыс хаттар табысталды.

Ұлы даланың ұлы мерекесі, бақ-берекенің бастауы, тағылымы мен тартуы мол Тәуелсіздік күні баршамызға құтты болсын!

 

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции

Открытый бюджет

sound by Jbgmusic