07072021
Іс – шаралар

Шымкент қалалық арнайы кітапханада 2021 жылдың 7 шілде күні сағат 11:00 де «Шабыты ортақ қос талант» атты жазушы Бақтыгүл Ауданова және әнші композитор Арайлым Саттаровамен кездесу кеші өтті. Кештің мақсаты жазушы Б.Ауданованың «Ай толғатып жатқанда», сазгер А.Саттарованың «Ән болып төгіл назды үнім» атты жаңа кітаптарының таныстырылымын жасап зағип және нашар көретін оқырмандарға шығармашыл таланттардың туындыларын дәріптеу болып табылады. Кешті Ербек Бакиев жүргізді. Алғашқы сөз кітапхана директоры Б.Нурманбетовке берілді. А.Саттарова әдемі әннен шашу шашып, Б.Ауданова өз әңгімелерінен үзік сырлар ақтарды. Шығармашыл жандарға түрлі сауалдар жолданды. Кеш қонақтарына Қазақстан авторлар қоғамының төрағасы Байғали Есеналиевтің және жазушы Фатима Жүнісованың арнайы құттықтау бейнеролигі ұсынылды. Кеш соңында оқырмандар қос талантпен естелік суретке түсті.

 

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции

Открытый бюджет

sound by Jbgmusic