«Ел мерейін өсірген Ермек»
Іс – шаралар

«Ел мерейін өсірген Ермек»

(Сауықтыру айлығы аясында

Е.Қалымбетовпен кездесу)

 

Бүгін Шымкент қалалық арнайы кітапханада Сауықтыру айлығы аясында қазақтың көк туын әлемге желбіретіп, спорттық би жарысынан ел намысын қорғап жүрген Ермек Қалымбетовпен кездесу кеші болып өтті. «Ел мерейін өсірген Ермек» деген атаумен өткен шараны Е. Бакиев жүргізді. Кеште Е.Қалымбетов әндерін орындап, түрлі сұрақтарға жауап беріп, көптің көңілін көтере білді. Экран арқылы Ермектің Германия мемлекетінде және Бонн қаласында өткен әлемдік жарыстарда билеген биін көрермен назарына ұсынылды. Сонымен қатар айтулы кеште өмірдегі өнердегі замандас досы Т. Имантаева қонақта болып ақ тілегін айтып, қызықты әңгімелерімен бөлісіп, әдемі ән шашуын жолдады. Е. Қалымбетовтың өзі жұмыс атқаратын № 5 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығынан арнайы келген Раушан Ахметова ханым да ермектің болмысы мен қызметі жайында ой толғап болашағына бақыт тіледі. Сондай-ақ кеште қадірлі қонақ болып әуезді ән шырқаған Салих Қалиев те көптің қошеметіне бөленді. Кеш соңында кітапхана директорының орынбасары Әдемі Бөрібекова кеш қонағы Е.Қалымбетовке директордың алғыс хатын табыс етсе, Е.Бакиев арнайы сый-сиапат табыстап, «Тағдырыма тәнтімін» атты жыр кітабін тарту етті. Жиналған жұртшылық жас талантпен естелік суретке түсіп көңілді тарасты.

 

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции

Открытый бюджет

sound by Jbgmusic