Іс – шаралар
|
Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында 25 қазан Республика күніне орай «Мен Отанның бақытты ұлымын» атты мерекелік іс-шара болып өтті. Бұл кештің бүлдіршін қонақтары «5-ші Нұрсат бөбекжай» бақшасының 10-шы «Тапқырлар» тобы өнер көрсетті. Оқушылардың туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі - туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту. Қазақстан – Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты деп ән ұран айтылып, рәміздеріміз жайлы толық ақпарат арнайы дайындалған видео роликтен көрсетіліп, «Экрандық сұрақтар» атты ойын ойнатылды. Сонымен қатар ортада кітапхананың белсенді оқырманы Талиев Алладин, ән шырқады. Балаларға тақырыпты әрмен қарай ашу үшін отан жайлы қызықты сұрақтар мен мақал мәтелдер жарысы болды. Балалар әрмен қарай «хор» айтып, тақпақтар айтып кештің сәнін кіргізді.
|