Негізгі
Библиографқа сұрақ қойыныз
Мы в социальных сетях
«Тағдыры жарасқан тәтті ғұмыр» |
Іс – шаралар |
Шымкент қалалық арнайы кітапханада Сауықтыру айлығы аясында өмірге құштар өнегелі отбасы Айтбаевтар әулетімен кездесуге арналған «Тағдыры жарасқан тәтті ғұмыр» атты мерекелік кеш өтті. Кеште жұбайы Дадаева Зебо әуезді әндер шырқады, мыңбұрала билеп, өлеңдер оқыды. Сонымен қатар өз қолынан жасаған қолөнер бұйымдарын алып келіп, арнайы көрме жасады. Айтулы кеште жиналған оқырмандар ақ тілек лебіздерін арнап, кеш қонақтарына түрлі сұрақтарын жолдады. Өнегелі отбасы саналатын Айтбаев Болат пен Дадаева Зебо екі ұл екі қыз тәрбиелеп отырған берекелі шаңырақ. Кеште қызы Айлин де өнер көрсетіп ана жолын жалғап би билеп көрермендерді тәнті етті. Кеш кейіпкеріне Шымкент қалалық қазақ зағиптар қоғамының төрағасы Әділбеков Ербол Әлішерұлы құттықтап ізгі лебізін жолдады. Аталған кеште Алматы қаласының Республикалық арнайы кітапханадан Баймұратова Нурия Демалысқызыда ақ тілегімен қонақкәде ән шашуын жұптап тарту етті. Кеш соңында арнайы кітапхана атынан үлгілі отбасыға сый-сиапаттар табыс етілді. Көпшілік көрермен бақытты шаңырақ пен бірге суретке түсіп көңілді тарасты.
|