Негізгі
Библиографқа сұрақ қойыныз
Мы в социальных сетях
«Әр жүректе үміт шамы сөнбесін» |
Іс – шаралар |
Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада 9 қараша сағат 11-00 де сауықтыру айлығының «Әр жүректе үміт шамы сөнбесін» атты қорытынды кеші өтті. Кеште алдымен кітапхана директоры Нұрманбетов Бәкір Әбдіұлы құттықтау сөз айтып оқырмандарға ақ тілегін жолдады. Айтулы шараны Гүлсара Каттабекова жүргізді. Шарада Өсербай Бөріханов, тағы басқа да жас таланттар өнер көрсетіп әннен шашу шашты. Л.Мүслім, О.Дауытов И.Насирова көрерменге жырдан тарту жасады. Кітапхананың белсенді оқырманы Топанбай Мейірханда өз өнерін ортаға салып, жырдан шашу шашты. Кеш барысында жыл көлемінде іс-шараларға белсенді қатысып, «Ақ таяқ менің тірегім», «Жылдам оқу», «Жылдам жазу» (бедерлі-нүктелі тәсілмен), «Компьютер білесің бе?» сондай-ақ «Қолөнер-2022» байқауына қатысып, жеңімпаз болған оқырмандар ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Жыл бойына кітапханада өтіп жатқан іс-шараларға белсенді қатысып, дыбысталған және брайльша әдебиеттерді ең көп оқып жүрген оқырмандарға тәтті сыйлықтар берілді. Сонымен қатар Қазақ зағиптар қоғамының Шымкент қалалық филиалының төрағасы Ербол Әділбеков және «Қазына» клубының мүшесі Нысанбек Жұмағұлов сөз сөйлеп шараға ізгі тілегін арнады. |