Негізгі
Библиографқа сұрақ қойыныз
Мы в социальных сетях
Арнайы кітапханаға саяхат |
Іс – шаралар |
Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында «Кітапхана» апталығы болып өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «2022 жыл – Балалар жылы» деп жариялады. Бұл дегеніміз биылғы жылы жас буынның тәрбиесі мен біліміне баса мән беріледі деген сөз. «Балалар – мемлекетіміздің болашағының кепілі. Ел ертеңі – өскелең ұрпақты қолдауға айрықша көңіл бөлінуде. Дарынды балалармен жұмыс жасау – уақыт талабы. Дәл қазіргі уақытта білімді, алғыр балалардың көптеп шығуына кітапханалардың атқаратын рөлі зор. Модернизациядан өткен жаңа кітапханамыздың тыныс-тіршілігімен №36 арнаулы лицейінің 4 сынып оқушылары өздерінің сынып жетекшілерімен кітапханамызға алғаш рет келіп, жаңартылған әдемі залдармен, бөлімдермен танысты. Сонымен қатар кітапхана залдарындағы дыбысталған, тактильді, брайльша кітаптармен қоса түрлі кіші қалыпты мүсіндерді өз қолдарымен ұстап көріп, ерекше әсерге бөленген оқушылар қуаныштарында жасырмай, тереңірек танысып, шат шадыман көңіл-күймен тарасты. |