Негізгі
Библиографқа сұрақ қойыныз
Мы в социальных сетях
Әке жолын жалғадым |
Іс – шаралар |
Әке жолын жалғадым (жазушы Мұрат Әуезұлы 80 жаста) Шымкент қалалық арнайы кітапхананың Аудио залында «Әке жолын жалғадым» атты жазушы Мұрат Әуезұлының 80 жылдық мерейтойына арналған әдеби сазды кеш өтті. Кеште жазушының өмір жолындағы атқарған ерен еңбектері мен шығармашылық жұмыстары, жазған кітаптары оқырманға кеңінен таныстырылды. Айтулы кешке Түркістан қаласынан арнайы филология ғылымдарының докторы сазгер көптеген әндердің авторы соның ішінде ел арасына кеңінен таралған «Ризамын», «Неге-неге», «Жас жұбайлар», «Ауыл жатыр той жасап» атты әндердің авторы Бекжігіт Сердалиев пен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері қазақ ұлт өнерін шетелде насихаттап ел мәртебесін асқақтатып жүрген ел ағасы әнші Абылайхан Оспанов қонақ болды. Кеште кітапхана директоры Б.Нұрманбетов сөз сөйлеп жазушының еңбегін айта отырып, А.Оспанов пен Б.Сердалиевке алғысын білдірді. Кеш барысында Мұрат Әуезұлымен болған кездесулер жайында сүбелі ойлар айтылды. Аблайхан Оспановтың орындауында бірнеше әндер шырқалып, көрермендердің көңілі көтерілді. Оқырмандар арасында алдыңғы буын ағалар қадірлі қонақтарға ақ тілегін арнап лебізін жеткізді. Кеш соңында кеш жүргізушісі Ербек Бакиев ағаларға алғыс айтып шапан жауып сый құрмет көрсетті. Көпшілік естелік суретке түсіп, рухани кештен зор әсер алып тарасты.
|