240124
Іс – шаралар

«Тағдырластар» клубының қаңтар айындағы кездесуі

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада «Бізге таныс бейнелер» атты «Тағдырластар» клубының кезекті басқосу іс-шарасы өтті. Шараны клуб жетекшісі Ербек Бакиев жүргізді. Алдымен қаңтар айында туылған клуб мүшелерін құттықтап, бағалы сыйлықтар табыстап тәтті тілектер арналды.

Айтулы жиында қазақ әдебиетінде өз орны қалыптасқан және ұлт өнерімен мәдениетіне адал қызмет еткен дара тұлғалардың өмірі мен жарқын бейнесі еңбектері кеңінен айтылды. Халық арасында кең таралған «Жас жұбайлар», «Теріскей», «Мұңайма», «Қуантқым келеді» деген әндер орындалып, театр сахнасында сомдаған ролдер мен кинода ойнаған кейіпкерлер дауысы сондай-ақ белгілі қаламгерлердің фотопортреттері жасырылып, оқырмандар жасырылған дауыстар мен суреттерді тауып, жеңімпаз атанды. Түрлі ойындар ұйымдастырылып, белсенді қатысқандарға сый-сиапаттар табыс етілді. Кешке Ыбырай Алтынсарин атындағы Түркістан облыстық балалар кітапханасының қызметкері Талиға Наханова әсем әндерінен шашу шашса, «Отбасы хрестоматиясы» Шымкент қаласындағы өкілдері арнайы келіп, кітапханаға біраз кітаптарды сыйға тартып оқырмандарға рухани азық қалдырды. Кеш аясында ақын Әселхан Торбаева арнайы қонақ болып келіп, жақында ғана жарыққа шыққан «Зәуре» атты кітабын кітапханаға тарту етті.

Кеш барысында ақын Ақберен Елгезек арнайы кітапхана оқырмандарына клуб мүшелеріне ақ тілегін арнап, өз өлеңін тарту етіп, арнайы бейнежазба жолдады. Сонымен қатар сазгер, көптеген әндерді жарыққа шығарған, «Жас жұбайлар» әнінің авторы Бекжігіт Сердалиевте аталған шараға өз тілектестігін білдіріп, арнайы құттықтау бейнежазбасын жеткізді. Оқырмандар ерекше әсер алып, естелік суретке түсіп, көңілді тарасты.

 

 

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции

Открытый бюджет

sound by Jbgmusic