Іс – шаралар
|
«КӨНЕГЕ ЗЕР САЛСАҚ - ӨНЕГЕ КӨП» Мәдени-танымдық инклюзивті іс-шарасы Арнайы кітапханада «Ғибрат» мәдени-демалыс клубының кезекті іс-шарасында қазақтың ұмытылып бара жатқан ырым-тиымдары мен салт-дәстүрін және соның ішінде: тақия, кимешек, сәукеле, қамшымен қазақтың қара домбырасын дәріптедік. Іс-шара қазақтың ұлттық киімдерімен тактильді танысудан басталып, одан соң ұлттық музыкалық аспаптармен сипап-сезу арқылы танысу және аспаптың шығу тарихын баяндап, сұрақ-жауап байқауын өткіздік. Ықыласпен қатысқан оқырмандардың орындауындағы халық әндері мен билері - қазақ мәдениетінің сұлулығы мен тереңдігін барынша сезінуге мүмкіндік берді. Ал дәстүрлі кездесудің шырайын ашқан клуб мүшелерінің авторлық өлеңдері көпшілікті ерекше тәнті етті. Сонымен қатар қазақ аңыздары мен әңгімелері әлеміне еніп, олардың әрқайсысын тыңдап, талдадық. Жалпы, бұл іс-шаралар әлеуметтік интеграцияға, шығармашылықты дамытуға және қоғамдастық рухын нығайтуға ықпал етеді. «Ғибрат» клубы болашақта инклюзивті іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр, ол: Театрландырылған қойылымдар: сюжет пен эмоцияны жеткізу үшін дыбыстар мен сипаттамаларды қолдана отырып, зағиптар мен нашар көретіндерге бейімделген қойылымдар. (Қала театрларымен бірлесіп) «Ғибрат» клубы - тек көңіл көтеріп қана қоймай, білім мен тәжірибе алмасу үшін инклюзивті кеңістік құруға тырысады.
|