Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының стационардан тыс қызмет көрсету секторының 7 сәуір Халықаралық Денсаулық күніне орай “Таза табиғат - Денсаулық кепілі” тақырыбында іс шара өтті.
Бұл шараға «Шымкент қаласының білім басқармасының мемлекеттік арнаулы (коррекциялық) №33 «Ақбота» балабақшасы» (көз көру функциялары ауыр және жеңіл бұзылған балаларға арналған) коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалары қатысты. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі.
Халқымыз «Дені саудың жаны сау» деп бекер айтпаған. Осы ұғымды балаларға жете түсіндіру жолында түрлі қызықты ойындар топқа бөлініп, l топ “Арнайы кітапхана”, llтоп “Ақбота бақшасы” болып дене қимылына арналған жаттығулар, ертегілер,бала қимылына арналған билер келісті де тартысты өтті. Екі топтың балалары да алғырлығын танытып, достық жеңіске жетіп, тәтті сыйлықтар тарту етілді.
Арнайы кітапханамыздың балаларға арналған залында түрлі түске боялған жихаздары мен кітаптары бала көңілін көтеріңкі етіп, өздерін еркін ұстауға септігін тигізіп, балалар кітапхананы қимастай кетіп тарасты.