Негізгі
Библиографқа сұрақ қойыныз
Мы в социальных сетях
15042024 |
Іс – шаралар |
«Махаббатпен тербетілер тәтті өмір» (15 сәуір ғашықтар күні) Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада 15 сәуір ғашықтар күніне арналған «Махаббатпен тербетілер тәтті өмір» атты «Тағдырластар» клубының сәуірдегі думанды кеші өтті. Кешті клуб жетекшісі Ербек Бакиев жүргізді. Кешке жиналған оқырмандар «Қос аққу» және «Егіз жүрек» деген атпен екі топқа бөлініп, өнерлерін ортаға салды. Ғашықтар тақырыбына арналған кеште махаббат тақырыбында жазылған кітаптардан арнайы көрме дайындалып, көрерменге ұсынылды. Аталмыш тақырып бойынша түрлі сұрақтар қойылып, жүйрік оқырманнан ұтқыр жауаптар алынып, кейіпкерлерге кеңінен тоқталды. Мұхтар Шаханов, Әзілхан Нұршайықов, Абай шығармаларынан және Шәкәрім Құдайбердіұлының, Еңлік Кебек, Қалқаман Мамыр туындыларына тереңірек ой өрбітіп, оқырман қауымды кітаппен байланыстыратын викториналық сұрақтар ұйымдастырылды. Айтулы кеште жастар ән шырқап, жыр оқып қана қоймай түрлі ойындарға да белсенді атсалысып, жеңімпаздар сый-сиапатқа ие болды. Сезімі үндескен қос оқырман І топ көз мүгедектері ынтымағымен көңілі жарасып, отбасын құрып, тағдыры табысқан жанұя Айбек пен Айнұр өз замандастарына баянды бақыт тілеп, қиындыққа мойымай зор қайратпен отбасын құруға шақырды. Кеш барысында сәуір айында туған бір топ клуб мүшелерін туған күндерімен құттықтап, бағалы сыйлықтар табыс етті. Кеш соңында жастар суретке түсіп, ерекше көңіл күймен топтасып, кинопаркке жаңа фильмді тамашалауға жол тартты.
|