31052024
Іс – шаралар

«Саяси құрбандар»

(31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні)

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы сіздердің назарларыңызға 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне  арналған «Саяси құрбандар» атты танымдық сағатын ұсынады. Өткен ХХ ғасыр қазақ халқының тарихында ұлы оқиғалармен есте қалады. Сол оқиғалардың ішінде «мың өліп, мың тірілген» халқымыздың басынан өткен 1930-1938 жылдар ауыр да азапты кезең болды. Өткенге ой жіберіп, осы күнге жете алмай, армандап өткен асыл ағаларымызды еске алу, ұмытпау – әрбір ұрпақтың парызы. Қазақ халқына қасірет әкелген сол бір аумалы-төкпелі жылдарда мыңдаған адам жазықсыз түрмеге тоғытылды, аяусыз атылды, туған жерінен айдалып кете барды. Ұлтын сүйген азаматтар тоталитарлық жүйенің құрбанына айналды. Елі үшін жанын берген әрбір тұлғаның есімі тарих беттерінде алтын әріптермен жазылатыны сөзсіз.

Бүгінгі іс-шараны оқырмандармен Шымкент қаласындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейінде өткіздік. Музей үш залдан тұрады: 1. Экспозициялық зал; 2. «Тағзым» залы; 3. Кино залы. Музей қызметшісі зағип оқырмандарға қуғын-сүргінге ұшыраған халықтың сол уақыттағы бүкіл  тарихын айтып өтті және сақталған құжаттармен, музейдің жаңа экспозиция залдарымен таныстырды. Оқырмандар музейден ерекше әсер алғандарын айтып, ойларымен бөлісті. Музейдің қызметін жоғары бағалап, ыстық лебіздерін білдірді.

Құрметті оқырмандар, әрдайым өткен тарихымызды ұмытпай, біздің болашағымыз үшін күрескен ата-баба рухына тағзым етіп отырайық.

 

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции

Открытый бюджет

sound by Jbgmusic