Негізгі
Библиографқа сұрақ қойыныз
Мы в социальных сетях
«КІТАПХАНАНЫҢ 55 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН TEAM BUILDING: БРАЙЛЬ ШРИФТІ АРҚЫЛЫ БІЛІМ МЕН КОМАНДАЛЫҚ РУХТЫ НЫҒАЙТУ» |
Іс – шаралар |
«КІТАПХАНАНЫҢ 55 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН TEAM BUILDING: БРАЙЛЬ ШРИФТІ АРҚЫЛЫ БІЛІМ МЕН КОМАНДАЛЫҚ РУХТЫ НЫҒАЙТУ» Бұл шара арнайы кітапханамыздың 55 жылдығына орай, Брайль шрифтін үйрену мен насихаттау, қызметкерлер арасындағы командалық байланысты нығайтып, шрифттің мүмкіндіктерін кеңінен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды. Шараның барысы мотивациялық тренерлердің жетекшілігімен өтті. Олар кітапханашыларға мотивация беріп, кеңестермен бөлісті. Тимбилдингтің алғашқы кезеңі қатысушылардың бір-бірімен танысуына арналды. Командалар өздерін таныстыру барысында Брайль шрифтімен өз аттары мен армандарын жазып, достық атмосферасын қалыптастырды. Ал сенсорлық, тактильді ойындарда әр команда Брайль шрифтін пайдалана отырып, жұмбақтар шешті, сұрақтар сессиясында қатысушылар Брайль шрифті, оның тарихы мен қолдану әдістері туралы білімдерін сынады. Командалық жылдамдық ойындары да шараның маңызды бөлігі болды. Мұнда қатысушылар шапшаңдық пен дәлдікті сынап, жеңіс үшін жарысты. Тимбилдинг керемет достық атмосферасында өтіп, шараның соңында әріптестер келесі тимбилдингті асыға күтетіндерін айтып, осындай бірлік пен ынтымақтастықтың ұжымды жаңа деңгейге көтеретінін қуана атап өтті. |
![]() ҚР Президентінің ЖолдауыМемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб... |
![]() ҚР рәміздеріҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр... |