Негізгі
Библиографқа сұрақ қойыныз
Мы в социальных сетях
03.04.2025 |
Іс – шаралар |
"Кітап арқылы ашылған сырлы әлем" Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының балалар бөлімінің кітапханашысы К.Аппазованың жетекшілігімен 2-сәуір Халықаралық балалар кітабы күніне арналған, "Кітап арқылы ашылған сырлы әлем" тақырыбында, кітапхана ауласында Жалпы білім беретін "Нұр" мектебінің 3 - сынып оқушыларының қатысуымен қызықты іс-шара болып өтті. Кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы ұғындыру және жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Іс-шара барысында кітап көрмесі ұйымдастырылып жас оқырмандарға таныстырылды. Оқушылар тақпақтар, жаңылтпаштар айтып, жұмбақтар шешіп, викториналық сұрақтарға жауап беріп, қызықты ойындар ойнап, белсене атсалысып кеш шырайын аша түсті. Кеш соңында балаларға тәттілер үлестіріліп, кішкентай оқырмандарымыз көңілді тарасты. |