Негізгі
Библиографқа сұрақ қойыныз
Мы в социальных сетях
11.06.2025 |
Іс – шаралар |
«Өмір өзен» оқырмандармен еркін форматта Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана «Аудио» залында «Ғибрат» мәдени демалыс клубының бас қосуы болды. Кездесу еркін форматта өтті. Сыр алмасу мақсатында оқырмандардың сұранысы бойынша «Өмір өзен» атты тақырып қойылып, барлық өткен күндерге сапар шегіп, жастықтың жалынын, есейген шақтың ел ағасы болған тұстағы өткен күндердің бейнесінен сыр шертті. Еркін тақырыпта өткен осынау бір ғажайып сәтте оқырмандар алдымен бүгінгі әңгімеге, бүгінгі бас қосуға, тақырыпқа тұздық болсын деп өмір-өзен деп айтылатын бір адамның өмірін тұтастыратын сәттерге сұрақ, жауап алмасып естен кетпейтін, ескірмеген қызықты кезеңдерін еске алысты. Ғибрат мәдени демалыс клуб мүшелері, оқырмандар және келген қонақтар әуезді ән тыңдап ерекше әсерге бөленді. Оқырмандар ыстық ықыластары мен тілектерін білдіріп, рахмет айтып тарасты. |