Негізгі
Библиографқа сұрақ қойыныз
Мы в социальных сетях
| 31082025 |
| Іс – шаралар |
|
ЖАРҚЫРАУ ФОРМАСЫ Мотивациялық кеш Бүгін Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада «Ашық микрофон» жобасы өтті. Ашық микрофон жобасы өмірге, өнерге құштар жандардың ел алдына шығып емін еркін өнер көрсетуіне ықпал жасайтын жоба болатын. Бүгінгі кешіміздің қонағы ерік жігері мықты өмірдің не бір кедергілеріне төзе білген бойындағы батыл қасиеттерін оята білген ерекше жан, ерекше талант иесі Ешмахан Әсеммен керемет мотивациялық кеш өтті. Кешке Әсемнің әжесі, анасы, және ұстаздары келіп қолдау көрсетті. Ешмахан Әсемнің өзі шығарған өлеңдерді оқып, жырдан шашу шашылды. Әсем баршамызға үлгі болды. Кеш соңында «СӘТ» тобы ән шырқап, естелікке суретке түстік.
|


































