Негізгі
Библиографқа сұрақ қойыныз
Мы в социальных сетях
| 13.08.2025 |
| Іс – шаралар |
|
13.08.2025 «ҰЛЫ ТҰЛҒА, ҰЛЫ АБАЙ, ҰЛЫ АҚЫН» Ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл
Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада 13 тамыз күні Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Ұлы тұлға, Ұлы Абай, Ұлы ақын» атты іс-шара болып өтті. Семей қаласында өткен «Жеті қазына» мәдениет-спорт-туризм фестиваліне қатысып «Қыз жібек бейнесі» номинациясын иеленген әріптесіміз Г. Каттабекова өз ойларымен бөлісіп, кітапхана оқырмандарына бала Абайдан Дана Абайға атты бейнематериалын оқырмандарымызға тифлобаяндап берді. Г. Каттабекова «Қыз Жібек» бейнесі номинациясымен марапатталып, қаржылай сыйлыққа ие болды. Кітапхана оқырмандарына Абай өмірінен викториналық сұрақтар қойылып, жауап берген жандарға Семей өңірінен арнайы алып келген Абай сөзімен жазылған білезіктер табысталды. Өлеңдер оқылып, жырдан шашу шашты. «Аманат» партиясынан арнайы келген кеш қонақтары белсенді оқырмандарымызға алғыс хаттарымен марапаттады. «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп..» жырлаған адамзат ақыл ойының асқаралы тұлғасы Абай бабамызды ұлықтадық. Бұл аруақтың ризашылығы үшін, баба рухына құрмет үшін жасалған, ұрпаққа өнеге болар игі іс.
|



































