Негізгі
Библиографқа сұрақ қойыныз
Мы в социальных сетях
| 22.08.2025 |
| Іс – шаралар |
|
CREATIVE HUB: ART-FESTIVAL Мүсіндеу, сурет салу, музыкалық аспаптарда ойнау арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту
22 тамыз күні Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың балалар залында «Бәрін білгім келеді» атты іс-шара болып өтті. Шараға қаламыздағы «Жанар» балабақшасының даярлық тобының бүлдіршіндері келіп қатысты. Аталған шарада балалар екі топқа бөлініп қызықты ойындар ойнап, белсене қатысты. Басқатырғыштар мен пішіндерді орналастырып, үйлестірді. Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның орны ерекше. Бала ойын арқылы қоршаған ортаның сырын ұғып, еңбек, білім дағдысына үйренеді.
Ойындар балалардың әлеуметтік дағдыларын нығайтады. Шараның барысында балалар тақпақ айтып, ән салып кештің шырайын аша түсті. Балаларға базарлық үлестіріліп, кішкентай оқырмандарымыз көңілді тарасты.
|



































