Негізгі
Библиографқа сұрақ қойыныз
Мы в социальных сетях
| 05.11.2025 |
| Іс – шаралар |
|
«ЖҮРЕГІМ» (Ақын, жазушы, журналист Фатима Жүнісованың шығармашылық кеші) 5 қараша күні Шымкент қалалық арнайы кітапханада «Көңілдерде шаттық күйі шалқысын» атты сауықтыру айлығы аясында ақын, жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі Фатима Забурақызы Жүнісованың «ЖҮРЕГІМ» атты шығармашылық кеші өтті. Кеш жүргізушісі – «Тифлология» бөлімінің меңгерушісі Ербек Бакиев. Кеш шымылдығы Күнсұлу Тұрғынбекқызының оқуындағы «Адамдар болады» атты бейнедауыспен ашылды. Кеш барысында Камал Тоғжан, Каринтаева Гүлбахар, Эльмира Әбжаппар ақынның жырларын оқып, көрерменге рухани сый тартты. Ал Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, әнші Айжан Тәженова ақынның өлеңіне жазылған әндерді орындап, жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді. Шонтикова Тәнімгүл апай ақынға «Ана махаббаты» атты кітабын сыйлап, камзол жауып аналық құрмет көрсетті. Кеш соңында кітапхана директоры Ахат Қанатұлы Нысанбеков ақынға алғыс хат пен дыбысталған кітаптарды табыс етті. Мазмұнды кеш «Жүрегім» атты әнмен түйінделіп, қонақтар естелік суретке түсіп, көңілді күйде тарқасты
|



































