Негізгі
Библиографқа сұрақ қойыныз
Мы в социальных сетях
| 13.11.2025 |
| Іс – шаралар |
|
АРМАН ШЫҢЫ – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНКЛЮЗИВТІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ 13 қараша 2025, Шымкент, «Көрме» орталығы Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы мен арнайы кітапхана ұйымдастыруымен алғаш рет ерекше жандардың шығармашылық әлеуетін паш ететін «Арман Шыңы» фестивалі өтті. Мақсаты: зағип және әлсіз көретін жандардың өнерін дәріптеу, қоғамда инклюзивті мәдениет қалыптастыру және тең мүмкіндіктерді кеңейту. Номинациялар мен жеңімпаздар: 1. Хореография: 1 орын – Дадаева Зебо (Шымкент) 2.Әдеби шығармашылық: 1 орын – Жайынбаева Мақпал (Шардара) 3. Музыкалық өнер: 1 орын – Нұрғожаев Тоқтамыс (Түлкібас) Қалған номинациялар мен жеңімпаздар: 4. Театр әлемі: 1 орын – Әлмұратов Мереке (Семей) 5. Тактильді өнер: 1 орын – Куатбекова Насихат (Қарағанды) Фестиваль қатысушылары өз өнерлері арқылы сүйіспеншілік пен адалдықтарын көрсетті, ал жеңімпаздар мен қатысушылар алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарға ие болды. «Арман Шыңы» – инклюзивті қоғамға арналған маңызды мәдени бастама, ерекше жандарға өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беретін жоба.
|


























































