26.12.2025
Іс – шаралар

Жаңа жылға жаңа қадам

«Тағдырластар» клубының жаңа жылдық кездесуі

Шымкент қалалық Арнайы кітапханада «Тағдырластар» клубының «Жаңа жылға жаңа қадам» атты мерекелік кеші өтті

Кешті клуб жетекшісі Ербек Бакиев ұйымдастырып, жүргізді

Алдымен кітапхана директоры Нысанбеков Ахат Қанатұлы сөз сөйлеп, барлық келген қонақтарды жаңа жылдық мерекемен құттықтап, ақ тілегін арнады

Шара барысында түрлі ойындар ұйымдастырылып, кеш қызықты сәттерге толы болды

Жыл көлемінде белсенділік танытып, клуб жұмысына тұтастай атсалысқан жандарға арнайы марапаттар мен түрлі номинациялар табысталып, бағалы сый-сияпаттар тарту етілді

2025 жыл несімен ерекше болды, қандай ұмытылмас сәттер өтті? деген сұрақтарға жауаптар айтылды

Кешке Аяз ата мен Ақшақар келіп, мерекенің шырайын кіргізіп , өнер көрсеткен оқырмандарға өз сыйлықтарын үлестірді

Шараға жиналған оқырман қауым бір-біріне жүрекжарды тілектерін арнап, қатарластарына жылы лебіздерін жолдады

Әуезді әндерді өз нақышында орындап, тәтті жырлар оқыған жастар көрерменнің мол ықыласына бөленді

Желтоқсан айында туған туған күн иелері де арнайы құттықтаулар қабыл алып, зор құрметке кенелді

Кеш соңында естелік суретке түсіп , қатысушылар мерекелік көңіл күймен тарқасты

Екі сағатқа жуық жалғасқан бұл шара жұрт есінде көпке дейін сақталары анық

Жаңа жылды жақсы көңіл күймен қарсы алуға тілектес болған кітапхана ұжымы әрбір келушіге келе жатқан 2026 жыл құтты, берекелі болсын деп ізгі лебізін арнады.

 

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции

Открытый бюджет

sound by Jbgmusic