Негізгі
Библиографқа сұрақ қойыныз
Мы в социальных сетях
| 22.01.2026 |
| Іс – шаралар |
|
“Халқы сыйлаған қаламгер” (Балалар жазушысы педагог, ақын Әдібай Табылдының туғанына 100 жыл) Бүгін Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының балалар залында , балалар жазушысы, ақын, педагог Әдібай Табылдының туғанына 100 жыл толуына орай “Халқы сыйлаған қаламгер” атты іс-шара болып өтті. Шараға Шымкент қалалық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған “Үміт” мектеп - интернатының 7-сынып оқушылары жетекшілерімен келіп қатысты. Қазақтың көрнекті жазушысы, педагог-ғалым, балалар әдебиетінің қайраткері Ә.Табылды өмірін бала тәрбиесіне, ұстаздыққа және әдебиетке арнаған ұлт зиялысы. Оның шығармашылығы қазақ балалар әдебиетінің дамуына зор үлес қосты. Жазушының “Бөбекке сөз”, «Мен кіммін білесің бе “, «Жырлайды жүрек» т.б туындылары жас ұрпақты адамгершілікке, еңбекке, отаншылдыққа баулуды мақсат еткен. Сонымен қатар ол-педагогика ғылымдарының докторы, профессор ретінде ұлттық тәрбие мен білім беру саласында да мол мұра қалдырды. Балалар жазушының өмір тарихымен, шығармаларымен танысып, өлеңдерін оқып, әңгімелерін тыңдап көп ақпараттар алды. Кеш барысында сергіту ойындарын ойнап, сұрақ-жауап арқылы балалар ойларын ортаға салып, белсене атсалысты. Кеш соңында балаларға тәттілер үлестіріліп, суретке түсіп, көңілді тарады.
|



































