Негізгі
Библиографқа сұрақ қойыныз
Мы в социальных сетях
| 27.01.2026 |
| Іс – шаралар |
|
БҮГІНГІ КҮН – БІР БЕЛЕС «ТАҒДЫРЛАСТАР» КЛУБЫ – 15 ЖЫЛ Шымкент қалалық арнайы кітапханада «Тағдырластар» клубының 15 жылдығына арналған «Бүгінгі күн – бір белес» атты мерекелік кеш өтті. Кешті клуб жетекшісі Ербек Бакиев жүргізді. Айтулы шараның шымылдығы «Тағдырластар» әнімен ашылды. Кітапхана директоры Ахат Нысанбеков сөз сөйлеп, клубтың 15 жылдық мерейтойымен құттықтап, оның қоғамдағы орны мен маңызын атап өтті. Кеш барысында клубтың негізін қалаушы Катишев Сабит Полатұлы және алғашқы қатысушы бір топ азаматтар сөз алып, өткен жылдарға шолу жасап, жүрекжарды ақ тілектерін арнады. Айтыскер ақын Мейіржан Жақып жиналған жұртқа жырдан шашу шашып, «Тағдырластар» клубына арнау жолдады. Сонымен қатар, елге танымал эстрада жұлдыздары Еркін Нұржанов, Абзал Молдабеков, Сұлтанғали Шерхан және өзге де өнер иелері әсем әндерін тарту етіп, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Санжар Керімбай, Думан Жақанбаев, Жұматаева Асем, Гүлмайра Беркінқызы арнайы бейнеқұттықтау жолдап, мерейтой иелеріне жүрекжарды лебіздерін білдірді. Кеш барысында түрлі сұрақтар қойылып, белсенді қатысушыларға және қаңтар айында дүниеге келген туған күн иелеріне арнайы сый-сияпаттар мен кітаптар табыс етілді. Шара соңында оқырмандар естелік суретке түсіп, мерекелік көңіл күймен тарқасты.
|







































