Негізгі
Библиографқа сұрақ қойыныз
Мы в социальных сетях
| 26,03,2026 |
| Іс – шаралар |
|
«Бала үні – Әлем үні» (әнші-сазгер Айзада Бекенқызымен кездесу кеш) Кітапханада қазақ өнерінің дамуына өзіндік үлес қосып жүрген талантты әнші-сазгер Айзада Бекенқызымен кездесу болып өтті. Шараның басты мақсаты – оқырмандарды өнер иесінің шығармашылығымен таныстыру, ұлттық музыкаға деген қызығушылықты арттыру және жас ұрпаққа рухани-эстетикалық тәрбие беру. Кездесу барысында Айзада Бекенқызы өзінің өнер жолы, шығармашылық ізденістері мен әндерінің шығу тарихы туралы сыр шертті. Сонымен қатар кеш қонақтары әншінің орындауындағы әсем әндерді тыңдап, сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды. Бұл рухани кеш – өнерді сүйетін қауым үшін ерекше әсер сыйлап, ұлттық мәдениетімізді дәріптеуге бағытталған тағылымды басқосу болды. Кеш қонақтары айтыскер ақын Бөрібай Оразымбетов, Қазақ жазушылар одағының мүшесі, ақын Омархан Даутов, Сазгер әнші Есенкелдиева Роза, әнші Абылайхан Оспанов келді. Автордың әндерін Шегебай Бақнұр «Ақ мамам», Тәліпбай Айдай «Апатайым», Бекет Әмина «Ата Әже», Әрсен Дархан «Отан» көптеген шәкірттері орындады. «Ғибрат» мәдени-демалыс клуб мүшелері және келген қонақтар әуезді әндерді тыңдап, ерекше әсерге бөленді.
|





























