Негізгі
Библиографқа сұрақ қойыныз
Мы в социальных сетях
| 19.06.2026 |
| Іс – шаралар |
|
«Шымкент – ежелгі тарих пен заманауи дамудың тоғысқан орны» 19 маусым – Шымкент қаласы күніне орай Шымкент қалалық арнайы кітапханада «Шымкент – ежелгі тарих пен заманауи дамудың тоғысқан орны» атты мерекелік мәдени-танымдық шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқырмандарға Шымкент қаласының бай тарихи мұрасы, рухани құндылықтары мен бүгінгі қарқынды дамуы туралы жан-жақты мағлұмат беру, туған қалаға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру. Меркелік кешке Шымкент қалалық Қазақ зағиптар қоғамының жанынан ашылған «Көңілашар» қоғам мүшелерінен құралған өнерпаздар ұйымының тұсауы кесілді. Өнерпаздар өз өнерлерін жанды дауыста паш етті. Шара барысында Шымкенттің көне тарихы, мәдениеті, көрікті орындары, әлеуметтік-экономикалық жетістіктері мен заманауи келбеті туралы кеңінен ақпарат беріліп, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Қала тарихына арналған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалып, танымдық сұрақ-жауап өтті.
|





























