Негізгі
Библиографқа сұрақ қойыныз
Мы в социальных сетях
| 1.07.2026 |
| Іс – шаралар |
|
Қазағымның қазынасы – домбыра Бүгін 1 шілде Шымкент қалалық арнайы кітапханада ұлт мұрасы саналатын домбыра күніне орай дәстүрлі әнші, ұлағатты ұстаз, би шешендердің ізін жалғастырушы, Созақ ауданының құрметті азаматы Кенжебай Шалұлымен кездесуге арналған «Қазағымның қазынасы – домбыра» атты мерекелік кеш өтті. Кештің басты мақсаты ұлттың үні, қасиетті қара домбыраның қадірін арттырып, төл дүниемізді кеңінен насихаттау болып табылады. Кеш барысында Кенжебай Шалұлы әсерлі әңгімелер айтып, әуезді әндер орындап көрерменнің мол ықыласына бөленді. Жас талантты Мейрамбай Дінмұхамед және Қалмахан Ерсұлтан домбырамен күй орындап қошеметке ие болса кітапхананың тұрақты оқырманы «Ғибрат» клубының мүшесі Бижанов Жәнібек әннен шашу шашты. Экран арқылы ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Кенжебай Шалұлының ұлағатты ұстазы Қайрат Байбосыновтың арнайы аудиоқұттықтауы көрермен назарына ұсынылды. Шымкент қалалық Әл-фараби атындағы ғылыми әмбебап кітапхана қызметкері Әйгерім Төребайқызы әсем әннен тарту жасап көрерменге өнерден сый ұсынды. Кеш өте мәнді мазмұнды өрбіді. Кешті «Тифлология» бөлім меңгерушісі Ербек Бакиев жүргізді. Көнекөз қариялар жастарға батасын беріп домбыраның киесін танытты. Жиылған жұртшылық естелік суретке түсіп көңілді тарасты. Жергілікті телеарна тілшілері келіп ақпараттық қолдау танытты.
|





























