Негізгі
Библиографқа сұрақ қойыныз
Мы в социальных сетях
| 02.07.2026 |
| Іс – шаралар |
|
2026 жылғы 2 шілде күні сағат 11:00-де Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында «Заманауи кітапхана: форумнан алынған тәжірибе» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты – кітапхана саласындағы заманауи үрдістер мен инновациялық тәжірибелерді талқылау, форум барысында ұсынылған озық тәжірибелерді саралау және оларды кітапхана қызметіне енгізу жолдарын қарастыру. Шараға қалалық кітапхана басшылары мен қызметкерлері қатысып форумда көтерілген өзекті мәселелерді талқылап, кітапханалардың ақпараттық кеңістіктегі рөлі, цифрлық технологияларды тиімді пайдалану, инклюзивті қызмет көрсетуді жетілдіру, кәсіби ынтымақтастықты дамыту және оқырмандарға сапалы қызмет ұсыну бағытында пікір алмасты. Іс-шара тәжірибе алмасуға, кітапхана мамандарының кәсіби біліктілігін арттыруға және заманауи талаптарға сай кітапхана қызметін дамытуға ықпал ететін маңызды кәсіби алаң болды.
|






























