Іс – шаралар мұрағаты
«Кең даланың кемеңгері» PDF Print E-mail
Жаңалықтар - Іс – шаралар мұрағаты
Авторлар: specbib   
19.11.2015 16:17

«Кең даланың кемеңгері»

(Әдебиетші, ғалым Ш.Уәлихановтың туғанына 180 жыл)

Ұйымдастырушылар: Қызмет көрсету бөлімі

Іс-шараға қатысушылар, саны: 24 оқырман

Өткізілген орны: Оқу залы

Өткізілген уақыты: 18 қараша, сағ 11-00.

Іс-шараның мақсаты: Оқырмандарды ғалымның ғылыми еңбектері мен шығармаларымен таныстыру, насихаттау, қызықтыру  және кітапханаға тарту

 

Оқырмандарымыз рухани сусындап қалмау мақсатында, ақын, жазушы, ғалымдарымыздың өмірбаянынан, еңбектерінен хабардар етіп отырамыз. Осы жылдың қараша айында қазақтың біртуар азаматы, тамаша ғалымы Шоқан Уәлиханов 180 жасқа толып отыр. Осы орайда кітапханамызда үлкен іс-шара өткізілді. Әдеттегідей кітапханада оқырмандар көп жиналды. Ғалымның бүкіл өмірбаянын, ғылыми еңбектерін толық қамту мақсатында оқырмандарымыздың назарына «Шоқан Уәлиханов» атты көлемді деректі фильм ұсындық.

Қазақ халқы үшін Шоқан - ең алғашқы ағартушы ғалым.

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов өз елінің болашағын дұрыс болжап, сеніммен алға қараған тұңғыш демократ ғалым болды. Сонымен қатар ол - қазақ халқының шығыстанушы, тарихшы, этнограф, географ, фольклорист, аудармашысы.

Шоқан Уәлиханов - Абылай ханның ұрпағы. Ол – ұлы істерді жүзеге асыру міндетін арқалап туған айрықша тұлға. Шоқан өзінің осы міндетін асқан кемелдікпен атқарып шықты. Табиғат оған ерекше дарын, өзгеде жоқ қабілет берген. Отызға да толып үлгермеген қысқа ғұмырында жазып қалдырған ғылыми еңбектері өте жоғары бағаланды және олар әлемдік шығыстану ғылымы үшін бүгінгі таңда да теңдессіз дүниелер болып табылады.

Шоқанның шығармаларын жинап бастыруда орыс ғалымдарының еңбегі аса зор болған. Академик Н.И. Веселовский: «Шоқан Уәлиханов шығыстану әлемінде құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыға келгенде, орыстың шығысты зерттеуші ғалымдары оны ерекше құбылыс деп түгел мойындап, одан түркі халқының тағдыры туралы маңызы зор, ұлы жаңалықтар күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі  біздің бұл үмітімізді үзіп кетті»- деп жазған болатын. Шоқанның өмірі, ұлылығы-болашақ ұрпақ үшін үлгі, өнеге. Ғалым-ағартушы, ержүрек саяхатшы, суретші, фольклорист, этнограф, көсемсөзші, айрықша дарын иесі Шоқан туған елінің есінде мәңгі сақталады...

Ғалымның кітаптары қойылған көрме оқу залында ұйымдастырылды. Көрмеге жазық баспалы, дыбысталған кітаптар қойылды. Оқырмандар назарына ұсынылған деректі фильм ғалымды барынша жан-жақты ашып, қызықтыра түсті.

 

 

 
Баспасөз релизі "Жүрек жылуы мейірім шуағында» PDF Print E-mail
Жаңалықтар - Іс – шаралар мұрағаты
Авторлар: specbib   
17.11.2015 14:34

13 қараша, сағ. 11-00 Халықаралық зағиптар күніне орай, Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет басқармасының көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханасында «Жүрек жылуы мейірім шуағында» атты сауықтыру айлығының қорытынды кезеңі өтті. Сауықтыру айлығында оқырмандармен бірқатар түрлі іс-шаралар мен кездесу кештері өткізіліп,  іс-шараға тақырыптық көрме ұйымдастырылды. Іс-шараға қатысқандар: зағип және әлсіз көретін оқырмандар мен  Қазақ соқырлар қоғамы қызметкерлері.

 
Баспасөз релизі «Тифложаңалықтар» PDF Print E-mail
Жаңалықтар - Іс – шаралар мұрағаты
Авторлар: specbib   
17.11.2015 14:29

11 қараша қүні сағ. 11.00-де облыстық арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапхананың оқу залында «сауықтыру айлығының» кезекті іс-шарасы: «Тифложаңалықтар» циклі бойынша түрлі тақырыптағы тыңдаулар мен әңгіме болып отті. Іс-шараға қатысушылар: зағшп және әлсіз көретін оқырмандар.

 
«Бір ел – Бір кітап» республикалық акциясы аясында көкжиегі кең І.Есенберліннің «Көшпенділер» романы PDF Print E-mail
Жаңалықтар - Іс – шаралар мұрағаты
Авторлар: specbib   
05.11.2015 14:42

Өткізілген уақыты: 5 қараша, сағ 11-00.

Іс-шараның мақсаты: І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы жолындағы еңбектері жайында мағлумат беру, жазушының тарихи әдебиеттерін насихаттау

Қазақ хандығының 550 жылдық атаулы мерекесі ұлы жазушы І.Есенберлиннің 100 жылдығымен сәйкес келіп тұр. Жазушының 100 жылдығы «ЮНЕСКО-ның атаулы күндер күнтізбесіне енгізілген». Республикамызда осы орайда өтіп жатқан көптеген іс-шаралар өз орнын тауып жатыр. «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы аясында І.Есенберлиннің «Көшпенділер» романы бойынша біздің арнайы кітапханамызда үлкен іс-шара өткізілді. Оқырмандар назарына көрмеге автордың құжаттары мен  кітаптары қойылды.  Жазушының өмірбаяны жайлы баяндама оқылып, «Көшпенділер» трилогиясынан ұзінділер оқылды. Оқырмандар ол шығарманы естеріне алды. Мысалы, оқырман М.Сарабаев  жазушының шығармашылығымен алғаш танысқанда, оның көптеген тарихи кезеңдерін түсінбегенін айтты. Ал арада қаншама жылдар өтіп, қазіргі күнде  оның тарихи шығармаларын  қызығып, беріліп оқиды екен. Л.Аманов  өз тарапынан жазушының шығармашылығынан көптеген тарихи кезеңдерін айтып өтті. І.Есенберлиннің шығармалары жан-жақты болып келеді. Жазушы сол кезеңге сай  «билік және халық», «билік басындағылар және қарапайым халық» жөнінде өте өткір мәселелерді қозғаған. Жазушының трилогиялық шығармалары жазбалар мен мұрағат құжаттарына сүйеніп жазылған. І.Есенберлин үшін жанды ақпарат көзі болып ұрпақтан ұрпаққа қалдырылып келе жатқан халық ауыз әдебиеті болып саналған. Одан бөлек ол қазақстан тарихына қатысы бар тарихшы археологтар мен этнографшылардың және тілшілердің еңбектерін зерттеген. Осы ауқымды ізденістер мен білімдер, оған тарихи ұлы тұлғалардың  мінездерін ашуға жол ашты. Оны «Қазақ хандығының жаршысы» ретінде жайдан жай айтпаған ғой. Ол өз дәуірінен алға озып кетті. Іс-шарада жазушының шығармалары бедерлі-нүктелі, сөйлейтін және жазық баспалы түрде ұсынылды. Іс-шара соңында оқырмандар І.Есенберлиннің  кітаптарын үйге қайта оқуға алып, тарасты.

 

 
«Халықтар бірлігі – мәңгілік ел тұғыры» циклынан: Түрік және Корея этномәдени орталықтарымен танысу (2015 жыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай) PDF Print E-mail
Жаңалықтар - Іс – шаралар мұрағаты
Авторлар: specbib   
05.11.2015 14:40

Көк тудың астында көп ұлттың өмір сүруі қазақ даласының кеңдігін, қазақ елінің дархан пейілді қонақжай халық екендігін айқындап тұрғандай. Биылғы жыл көп ұлттың басын біріктіріп татулық пен тыныштықты ынтымақтастыққа сабақтастырған еліміздегі Қазақстан халықтары ассамблеясының құрылғанына 20 жылдық мерей тойын тұтас кең көлемде атап өтуде. Осыған орай арнайы кітапханада Сайрам ауданының  этномәдени орталығынан түрік және кәріс ұлттарының өкілдері келіп, оқырмандарға мерекелік көңіл-  күй сыйлады.

Мерекелік кешті арнайы кітапхана директорының орынбасары Л.Темірбаева ашып, биылғы жылдың атаулы даталарын атап, Ассамблеяның 20 жылдығына орай өткізіліп отырған мәдени іс-шарамен сабақтастырып өтті. Кеште алдымен түбі бір түрік бауырларымыз кезек алып әдемі әндермен керемет билерін көрсетіп, өздерінің ұлттық аспаптарымен таныстырып әсерлі сазға бөледі. Сауық сайранды жақсы көретін түркі халқы кеш барысында өздерінің үйлену тойында билейтін билерін өз нақышында орындады. Аудандық М.Горький атындағы орта мектебінің оқушыларынан құрылған кәріс ұлтының жас өкілдері келіп қатысты.

Оқушылардың жетекшісі  кәріс ұлтының өзіне тән құндылықтары мен салт-дәстүрлерін кеңінен таныстырып баяндама оқыды. 1937 жылдардан бастап кәріс ұлты қазақ еліне қоныс аударғандығы жайында және көп қиындықтарға  тап болып, тіпті өз ана тілінде сөйлей алмай, орысша тілдесіп, балаларын қалада оқыта алмайтындай, ауыр күндерді бастан кешіріп, соның ішінде кәріс халқына көптеген тосқауылдар мен кедергілік тыйым салулар болғандығынан хабардар етіп, қазақ халқына деген алғысын ақтарып жатты. Жас өрендер өздерінің билерін билеп, әндерін шырқап, кеш соңында көрермендерге балғын жүректен шыққан ақтілектерін жолдады. Кез келген ұлтты жатсынбай бауырына басып, мейірімін арнаған алаш елі талай заманды өткеріп, бүгінде бейбіт ел атанып, тәуелсіз мемлекет болып өз әнін еркін шырқауда. Бүгінгі кешке оқырмандармен қатар арнайы кітапхана ұжымы да толық қатысып, ерекше әсер алып, қос ұлттың төл тарихы мен ұлттық мәдениетіне қанық болды. Кітапхана директорының орынбасары Л.Темірбаева мәдени орталықтардан келген қонақтарға арнайы кітапхана атынан алғыс хат табыстап, қатысқан оқушыларға да мақтау қағаздарын тарту етті. Іс-шараға жиналған оқырмандар көбінесе теледидардан жиі көретін түрікше, кәрісше фильмдерінің кейіпкерлерін бүгін шынайы кескін келбеті мен жағымды бейнесі мен түр тұлғасын көзбен көрді, көңілге жылулық тапты, естелік суреттерге түсіп бүгінгі болған қызықтарды өзара талқылап тарасты.

Иә, қазақ елі қашанда аман болып, көп ұлтымен жарасымды бірлік те бейбіт күнде тұғырлы тәуелсіздігімізбен, баянды шақтары мәңгі болғай деген тілек әр кеудеде жаңғырып жатты.

 

 

 

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Страница 2 из 15