Негізгі
Библиографқа сұрақ қойыныз
Мы в социальных сетях
«Бір ел – Бір кітап» республикалық акциясы аясында көкжиегі кең І.Есенберліннің «Көшпенділер» романы |
Өткізілген уақыты: 5 қараша, сағ 11-00. Іс-шараның мақсаты: І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы жолындағы еңбектері жайында мағлумат беру, жазушының тарихи әдебиеттерін насихаттау Қазақ хандығының 550 жылдық атаулы мерекесі ұлы жазушы І.Есенберлиннің 100 жылдығымен сәйкес келіп тұр. Жазушының 100 жылдығы «ЮНЕСКО-ның атаулы күндер күнтізбесіне енгізілген». Республикамызда осы орайда өтіп жатқан көптеген іс-шаралар өз орнын тауып жатыр. «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы аясында І.Есенберлиннің «Көшпенділер» романы бойынша біздің арнайы кітапханамызда үлкен іс-шара өткізілді. Оқырмандар назарына көрмеге автордың құжаттары мен кітаптары қойылды. Жазушының өмірбаяны жайлы баяндама оқылып, «Көшпенділер» трилогиясынан ұзінділер оқылды. Оқырмандар ол шығарманы естеріне алды. Мысалы, оқырман М.Сарабаев жазушының шығармашылығымен алғаш танысқанда, оның көптеген тарихи кезеңдерін түсінбегенін айтты. Ал арада қаншама жылдар өтіп, қазіргі күнде оның тарихи шығармаларын қызығып, беріліп оқиды екен. Л.Аманов өз тарапынан жазушының шығармашылығынан көптеген тарихи кезеңдерін айтып өтті. І.Есенберлиннің шығармалары жан-жақты болып келеді. Жазушы сол кезеңге сай «билік және халық», «билік басындағылар және қарапайым халық» жөнінде өте өткір мәселелерді қозғаған. Жазушының трилогиялық шығармалары жазбалар мен мұрағат құжаттарына сүйеніп жазылған. І.Есенберлин үшін жанды ақпарат көзі болып ұрпақтан ұрпаққа қалдырылып келе жатқан халық ауыз әдебиеті болып саналған. Одан бөлек ол қазақстан тарихына қатысы бар тарихшы археологтар мен этнографшылардың және тілшілердің еңбектерін зерттеген. Осы ауқымды ізденістер мен білімдер, оған тарихи ұлы тұлғалардың мінездерін ашуға жол ашты. Оны «Қазақ хандығының жаршысы» ретінде жайдан жай айтпаған ғой. Ол өз дәуірінен алға озып кетті. Іс-шарада жазушының шығармалары бедерлі-нүктелі, сөйлейтін және жазық баспалы түрде ұсынылды. Іс-шара соңында оқырмандар І.Есенберлиннің кітаптарын үйге қайта оқуға алып, тарасты.
|