Негізгі
Библиографқа сұрақ қойыныз
Мы в социальных сетях
«Кең даланың кемеңгері» |
«Кең даланың кемеңгері» (Әдебиетші, ғалым Ш.Уәлихановтың туғанына 180 жыл)
Ұйымдастырушылар: Қызмет көрсету бөлімі Іс-шараға қатысушылар, саны: 24 оқырман Өткізілген орны: Оқу залы Өткізілген уақыты: 18 қараша, сағ 11-00. Іс-шараның мақсаты: Оқырмандарды ғалымның ғылыми еңбектері мен шығармаларымен таныстыру, насихаттау, қызықтыру және кітапханаға тарту
Оқырмандарымыз рухани сусындап қалмау мақсатында, ақын, жазушы, ғалымдарымыздың өмірбаянынан, еңбектерінен хабардар етіп отырамыз. Осы жылдың қараша айында қазақтың біртуар азаматы, тамаша ғалымы Шоқан Уәлиханов 180 жасқа толып отыр. Осы орайда кітапханамызда үлкен іс-шара өткізілді. Әдеттегідей кітапханада оқырмандар көп жиналды. Ғалымның бүкіл өмірбаянын, ғылыми еңбектерін толық қамту мақсатында оқырмандарымыздың назарына «Шоқан Уәлиханов» атты көлемді деректі фильм ұсындық. Қазақ халқы үшін Шоқан - ең алғашқы ағартушы ғалым. Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов өз елінің болашағын дұрыс болжап, сеніммен алға қараған тұңғыш демократ ғалым болды. Сонымен қатар ол - қазақ халқының шығыстанушы, тарихшы, этнограф, географ, фольклорист, аудармашысы. Шоқан Уәлиханов - Абылай ханның ұрпағы. Ол – ұлы істерді жүзеге асыру міндетін арқалап туған айрықша тұлға. Шоқан өзінің осы міндетін асқан кемелдікпен атқарып шықты. Табиғат оған ерекше дарын, өзгеде жоқ қабілет берген. Отызға да толып үлгермеген қысқа ғұмырында жазып қалдырған ғылыми еңбектері өте жоғары бағаланды және олар әлемдік шығыстану ғылымы үшін бүгінгі таңда да теңдессіз дүниелер болып табылады. Шоқанның шығармаларын жинап бастыруда орыс ғалымдарының еңбегі аса зор болған. Академик Н.И. Веселовский: «Шоқан Уәлиханов шығыстану әлемінде құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыға келгенде, орыстың шығысты зерттеуші ғалымдары оны ерекше құбылыс деп түгел мойындап, одан түркі халқының тағдыры туралы маңызы зор, ұлы жаңалықтар күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті»- деп жазған болатын. Шоқанның өмірі, ұлылығы-болашақ ұрпақ үшін үлгі, өнеге. Ғалым-ағартушы, ержүрек саяхатшы, суретші, фольклорист, этнограф, көсемсөзші, айрықша дарын иесі Шоқан туған елінің есінде мәңгі сақталады... Ғалымның кітаптары қойылған көрме оқу залында ұйымдастырылды. Көрмеге жазық баспалы, дыбысталған кітаптар қойылды. Оқырмандар назарына ұсынылған деректі фильм ғалымды барынша жан-жақты ашып, қызықтыра түсті.
|