Жаналықтар
070224

«Ұлтқа қызмет ету ұрпақ міндеті»

Бүгін Шымкент қалалық арнайы кітапханада кезекті сәрсенбілік шара өз жалғасын тапты. Арнайы кітапхананың Аудио залында өткен шараға Шымкент қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Өнербаев Бахтияр Әлтайұлы арнайы келіп оқырмандармен кездесті. Кездесудің модераторы Ербек Бакиев кеш қонағы Б.Өнербаевқа түрлі сұрақтар жолдап, жауап алып пікір алмасты. Бүгінгі қоғамдағы жастар саясатының дамуы сонымен қатар мүгедектігі бар азаматтардың мәселесі, әлеуметтік саланың әл-ахуалы, ақпараттық кеңістіктің өркен жаюы турасында сөз өрбіді.  Кешті кітапхана директоры Нұрманбетов Бәкір Әбдіұлы ашып жастарға жалынды сөзін арнады. Үлгілі әке, өнегелі тұлға, қоғам жанашыры бола білген Бахтияр Әлтайұлы ел мақтанышына айналған азамат. Кеште Талиев Алладин, Аймуратова Рупия әдемі әннен шашу шашты. Гүлсара Каттабекова, Ләззат Мүслім поэзияға ерік беріп, өлең оқыды. Кеш барысында Бахтияр Өнербаев өз ойларын ортаға салып бүгінгі қоғамның актуалды мәселелерін қозғап, оқырманның көкейіндегі пікірлерін тыңдап, әсерлі әңгімелерімен бөлісті. Кеш қонағы сөз соңында арнайы кітапхана ұжымына алғыс айтып, 55 жылдық мерейтоймен құттықтады. Кеш соңы естелік суретке түсумен түйінделді.

 
“ҮЗДІК КІТАПХАНА”

Қаламыздағы Арнайы кітапхана жұмыс жүргізу тактикасы, оқырмандарға ұсынатын қызмет сапасы бойынша «Рухани қазына - 23» мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлеріне арналған фестивальдің «Айрықша қажеттілігі бар азаматтарға арналған үздік кітапхана» номинациясының жеңімпазы атанды.

Ұлттық бірегейлікті, мәдени мұраны және рухани құндылықтарды сақтауға және дамытуға негізделген жұмысытары арқасында қазылар алқасы мен аудиторияның ыстық ықыласына бөленіп, жүзден жүйрік шапты.

Кітапхана “Инклюзивті кітапхана: қолжетімділік, даму, өзара әрекеттесу” жобасын ұсынып, онда көру қабілеті шектеулі адамдармен жұмыс тәжірибесі, серіктестер мен еріктілер, инновациялық әдістер мен технологиялар, мәдени және білім беру іс-шаралар, жетістіктер мен жоспарларымен бөліскен болатын.

Болашақта кітапханалық қызмет көрсетуде және ақпараттың қолжетімділігінде, көру қабілеті шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеу, инклюзия саласында одан да үлкен нәтижелер көрсетуді жоспарлап отыр.

Арнайы кітапхана - бұл рухани қазына ордасы! Қаламыздың, еліміздің және халқымыздың рухани байлығы деп санаймыз!

 

 
18.10.23

Қазақ зағиптар қоғамы мәдениет үйінің ұлттық аспаптар ансамблінің мерекелік концерті

Бүгін біздің кітапханада ұмытылмас іс-шара өтті! Республика күнін мерекелеу аясында біз Алматы қаласынан келген Қазақ соқырлар қоғамы мәдениет үйінің ұлттық аспаптар ансамблін мақтанышпен қарсы алдық.

Ансамбльдің көркемдік жетекшісі Мирас Қожахметовтың жетекшілігімен музыканттар сұлулық пен эмоцияға толы керемет әндерді орындап, күмбірлете күй шертті. Ұлттық аспаптардың дыбысы бізді қазақ музыкалық мәдениеті әлеміне жетелеп, жүрегіміздің тереңіне еніп те үлгерді.

Кітапхана қонақтары мен келушілері керемет шеберлікпен орындалған әуендерді тыңдап сусындады. Әрбір нота музыкаға деген сүйіспеншілікке толы болды, бұл бірде-бір тыңдаушыны бей-жай қалдыра алмады.

Бұл концерт біздің кітапхана үшін маңызды оқиға болды, өйткені біз кітаптарға қол жеткізуді ғана емес, сонымен қатар өнер мен мәдениеттің атмосферасын құруды мақсат етеміз. Біз музыка Адамдарды біріктіре алатын әмбебап тіл деп санаймыз және бүгін біз музыканың шекарадан өтіп, адамдар арасындағы көпірге айналғанын көрдік.

Біз Қазақ соқырлар қоғамының мәдениет үйінің ұлттық аспаптар ансамбліне олардың таланты, музыкаға берілгендігі және бізге осындай керемет концерт тыңдау мүмкіндігі үшін зор алғысымызды білдіреміз. Бұл ұзақ уақыт бойы есте қалатын жарқын және ұмытылмас сәт болды.

Біз келушілерімізді ерекше мәдени іс-шаралармен қуантуды жалғастырамыз, осылайша әркім әдемі өнерден ләззат алып, көкжиегін кеңейте алады. Біздің жаңалықтарымызды қадағалаңыздар!

 
12.10.23

Шымкент қалалық арнайы кітапханасына «Білім - инновация» қыз балаларға арналған №2 лицей-интернатының 10 сынып оқушылары өздерінің сынып жетекшілерімен келді.

Модернизациядан өткен жаңа кітапхана залдарымен «Қызмет көрсету» бөлім меңгерушісі Л. Абжаппарова келген кітапханашыларды таныстырып өтті. Оқушылар қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, өздеріне ашқан жаңалықтарға қызығушылық танытты.

Кітапханамыздың негізгі бөлімдері «Ақан Қасымов», «Сөйлейтін кітаптар шығару» және «Брайль кітаптарын шығару» бөлімдерімен таныстырып, баспаханадағы жұмыс барысымен және зағиптардың жазу үлгісі алты нүктелік «Брайль» жүйесін түсіндіріп өтті.

Мұндай іс-шаралар лицей оқушыларына жан-жақты ақпараттардың дамуына ықпал ете отырып, болашақта да жоспарлануда.

 
Байқау өз мәресіне жетті!!!

Шымкент қалалық мәдениет басқармасына қарасты Абай атындағы орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі 10 тамыз – Абай күніне орай «Абай әлемі» атты байқауын ұйымдастырған болатын.

Қала тұрғындары арасында өткен байқауға 150 –ден астам үміткерлерлер қатысты. Ең көп қаралым жинаған 20 үміткер, оның ішінде арнайы кітапхана қызметкері Ләззәт Мүсілім де суырлып шығып, жүлделі 3-і орынды иеленді.

Ұжым атынан Ләззәт Шорақызын бүгінгі жеңісімен құттықтаймыз. Әрдәйым еңбегіңіз жана берсін, жаңа биік жетістік шыңдарына көтеріле беріңіз деп тілейміз!

 

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 Келесі > Соңы >>

Страница 1 из 9