01.06.2023

1 маусым – Балаларды қорғау күні!

Құрметті оқырман!

Сіздерді «Халықаралық балаларды қорғау күнімен» шын жүректен құттықтаймыз!

Мерекеге орай Шымкент қалалық арнайы кітапхана ұжымы қаламыздағы орталық саябағында болған іс - шараға белсене ат салысып, брайль әліпбиінен бастап түрлі тифлоқұралдарды сонымен қатар брайль қарпіндегі кітаптарды қала тұрғындары мен жас бүлдіршіндерімізге кеңінен таныстырып, техникалардың қолдану тәсілдерін көрсетіп, балалардың қызығушылығын арттырды.

Әншілер - ән шырқап, бишілер - би билеп, қойылған көріністер бүлдіршіндердің бүгінгі мерекесін есте қаларлықтай етті.

Барлықтарыңызды бүгінгі қуанышты мерекемен құттықтай отыра, еліміздің келешегі болар өскелең ұрпаққа ашық аспан, бейбіт өмір, бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз.

 

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции

Открытый бюджет