"Ежелгі Шымкент келбеті"

Сүйікті оқырмандарымыз «Шым Қала» тарихи-мәдени кешеніне барып, "Ежелгі Шымкент келбеті" бірегей іс-шарасына қатысып қайтты.

Шара мақсаты – көру қабілеті шектеулі адамдарға мәдени мұраны қолжетімді әрі әмбебап ету, қаланың тарихы және мәдениетімен таныса алатын инклюзивті орта құру.

Respect!

Келушілер өткен ғасырдағы оқиғаларды толық зерделеп, қаланың бай мәдени мұрасымен танысуы үшін сенсорлық және дыбыстық тәжірибеге баса назар аударатын арнайы бағдарлама жасалды.

Зағип және нашар көретін оқырмандар үшін арнайы көлік қызметтері ұсынылып, бағдарлама барысында оқырмандар ескі қаланың архитектурасы мен өткен дәуірлердің тұрмысы мен мәдениетінің ерекшеліктері туралы біле алды.

Гидтер бүгінгі күнге дейін сақталған көне үйлер мен ғимараттардың архитектуралық ерекшеліктері туралы айтты. Қатысушылар көне қала туралы толық түсінік алу үшін қабырға текстурасы мен декор элементтерін, әртүрлі өнімдерді өндіруде қолданылатын құралдар мен материалдарды сезіне алды. Қала тұрғындарының күнделікті өмірі, ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар туралы қызықты әңгімелер тыңдады.

Осылайша, "Ежелгі Шымкент келбеті" іс-шарасы қызықты әрі тартымды болып қана қоймай, сонымен қатар зағип келушілерді Шымкент қаласының тұрмысы, мәдениеті мен сәулеті туралы білімдерін кеңейтуге шақыратын білім беру алаңына айналды.

Бұл бастама зағип оқырманның білімін кеңейтіп қана қоймай, мүмкіндігі шектеулі жандардың қажеттіліктері туралы қоғамның хабардарлығын арттыруға үлес қосқанын атап өту маңызды!

Біз барлық қатысушылар мен ұйымдастырушыларға іс-шараның сәтті өтуіне қосқан қолдауы мен үлесі үшін алғыс айтамыз!

 

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции

Открытый бюджет