Жаналықтар
Жемқорлыққа жол жоқ!

Кітапхана қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларына құқықтық түсіндіру, тифломағлұмат беру, жемқорлыққа жол бермеуді түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  Кітап көрмесі насихатталды.

 
Президенттің бес әлеуметтік бастамасы

Оңтүстік Қазақстан облыстық арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханасында   Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа жариялаған үндеуі  әріптестер арасында өзара талқыланды. «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» өркендеу үшін  жаңа алғышарттар жасап қарапайым халықтың жағдайын, тұрмыс тіршілігін көтеруге барынша қолайлы мүмкіндіктер туғызып отыр. Ұжым бірауыздан  Елбасыны толық қолдап, өз тарапымыздан Үндеудегі бастамалар  бойынша барынша жұмыс жасайтынын айтып өтті.

 
2018 Елбасының Жолдауы

Оңтүстік Қазақстан облыстық арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын ұжым арасында талқылап негізгі алға қойған 10 бағытқа тоқталып өтті. Ұжым Елбасының Жолдауын толықтай қолдап және оны іске асыруға бірлесе жұмыс жасайтынын айтып өтті.

 
Терроризмге қарсы іс-шара

Облыстық арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапхана қызметкерлері арасында ОҚО ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті тарапынан жаңадан инфографикалар мен жадынама әзірленіп, облыстық мәдениет басқармасының ұсынысымен талқыланып, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, көрнекіліктермен толықтай таныстырылды.

 
«Ұлағатқа бастар, ұлттық бағдар»

Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттап, оны іске асыру барысында еліміздің кез-келген өңірінде көптеген жобалар жүзеге асып отыр. «Рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген барлық бағыттар негізінде руханиятымызға бет бұрылды. Бұл күнде Оңтүстік өлкесіндегі көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапхана ұжымы да Елбасымыздың мақаласын насихаттау және оны жүзеге асыру барысында  кітапханада сәуір айынан бері бірнеше іс-шаралар атқарды.  Қыркүйек айының 13-15 күндері арнайы кітапхана жанынан ақпаратты - насихат тобы құрылып, өз жұмысын кітапханалық пункттерінде жалғастырды: Облыстық офтальмологиялық ауруханасы, Облыстық мүгедектерді бейімдеу және  сауықтыру орталығы, көзі көрмейтін балаларға арналған «Үміт» мектеп-интернаты.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 Келесі > Соңы >>

Страница 8 из 9