2017 ж. ақпан айының 3 жұлдызында ОҚО арнайы кітапхана қызметкерлері «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауына талдау жасап, танысып-білу сағатын өткізді. «Жолдауды қолдау, өрлеу мүмкіндіктері. Послание-путь к обновлению и прогрессу» атты тақырыпта өткен саяси сағатты, кітапхана директоры: Жолдаудың маңыздылығы мен болашағына қысқаша тоқталып өтті. Кітапхананың ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің библиографтары әр бөліміне тоқталып толыққанды ақпарат берді. Талдауға арналған Жолдауды ұжым толығымен қолдап, өз салаларына қатысты айтылған тапсырмаларды жандандырамыз деп тарасты.
|