ОҚО арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханасында кәсіби деңгейді көтеру мақсатында «Кітапхана және қоғам: ұлттық идея, ұлттық мақсат» тақырыбында өткен облыстық семинар. (ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына, Ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығына орай)

Өткізілген орны: Оқу залы

Өткізілген уақыты: 28 наурыз, сағ 10-00.

Облыстық семинарға қатысқандар:

Облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайының директоры – Ханбибі Есенқарақызы;

Арнайы кітапхана, аудандық филиалдар, пункттер қызметкерлері.

 

Облыстық арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханасында түрлі іс-шаралар өткізіліп тұрады. Осындай іс-шараның бірі биылғы жылғы аталып өтілетін Еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, Ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығына орай облыстық семинар өткізілді. Семинарға «Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз еңселі болсын!» тақырыбында кітап көрмесі безендіріліп, баяндама дайындалып, шолу өткізілді.

Семинарда төмендегідей өзекті мәселелер талқыланды:

  • «Арнайы кітапхана қызметінде – Тәуелсіздіктің алар орны»
  • «Ұлттық идея, ұлттық мақсат: ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» - «Қазыналы Оңтүстік» кітабының топтамасы бойынша.
  • «Ұлт тарихындағы қилы кезеңдер: ұлт-азаттық қозғалысына 100 жыл»

ОКО арнайы кітапханасының  директоры Б.Ә.Нұрманбетов алғы сөзімен бастап, барша кітапханашыларды Наурыз мерекесімен құттықтап, еңбектеріне табыс, отбасыларына амандық тіледі. Кітапхана директорының орынбасары Ұ.М.Тұранбаева кітапхана қызметкерлері өздерінің тәжірибелерін жүзеге асырудағы, оқырмандар жұмыс жасаудағы және түрлі шараларды өткізудегі бірнеше әдіс-тәсілдері мен жұмыс жоспарларымен таныстырды.

Семинарға облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайының  директоры Ханбибі Есенқарақызы  қатысты. Хан-апамыз қазақ елінің неше жыл кеңес дәуірінің құрсауында болғанын, түрлі қиын кезеңдерден өтіп, өз алдымызға егемендік алып, Тәуелсіз Республика болып шығуымыздың түрлі бастауларынан бастап, қазіргі кезеңге дейін кең түрде жан-жақты баяндап берді, өзінің кітаптарынан үзінділер оқыды.

Ақын апамызға кітапханашы қызметкерлері сұрақтар қойып, үлкен әсермен, шабытпен тыңдады.

Семинарды облыстық кітапхана директоры Б.Нұрманбетов қорытындылап, кітапханашы қызметкерлеріне алдағы істеріне бағыт-бағдар берді.

 

 

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции

Открытый бюджет