«Тағдырластар» клубының қаңтар айындағы кездесуі
Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада «Бізге таныс бейнелер» атты «Тағдырластар» клубының кезекті басқосу іс-шарасы өтті. Шараны клуб жетекшісі Ербек Бакиев жүргізді. Алдымен қаңтар айында туылған клуб мүшелерін құттықтап, бағалы сыйлықтар табыстап тәтті тілектер арналды.
Айтулы жиында қазақ әдебиетінде өз орны қалыптасқан және ұлт өнерімен мәдениетіне адал қызмет еткен дара тұлғалардың өмірі мен жарқын бейнесі еңбектері кеңінен айтылды. Халық арасында кең таралған «Жас жұбайлар», «Теріскей», «Мұңайма», «Қуантқым келеді» деген әндер орындалып, театр сахнасында сомдаған ролдер мен кинода ойнаған кейіпкерлер дауысы сондай-ақ белгілі қаламгерлердің фотопортреттері жасырылып, оқырмандар жасырылған дауыстар мен суреттерді тауып, жеңімпаз атанды. Түрлі ойындар ұйымдастырылып, белсенді қатысқандарға сый-сиапаттар табыс етілді. Кешке Ыбырай Алтынсарин атындағы Түркістан облыстық балалар кітапханасының қызметкері Талиға Наханова әсем әндерінен шашу шашса, «Отбасы хрестоматиясы» Шымкент қаласындағы өкілдері арнайы келіп, кітапханаға біраз кітаптарды сыйға тартып оқырмандарға рухани азық қалдырды. Кеш аясында ақын Әселхан Торбаева арнайы қонақ болып келіп, жақында ғана жарыққа шыққан «Зәуре» атты кітабын кітапханаға тарту етті.
Кеш барысында ақын Ақберен Елгезек арнайы кітапхана оқырмандарына клуб мүшелеріне ақ тілегін арнап, өз өлеңін тарту етіп, арнайы бейнежазба жолдады. Сонымен қатар сазгер, көптеген әндерді жарыққа шығарған, «Жас жұбайлар» әнінің авторы Бекжігіт Сердалиевте аталған шараға өз тілектестігін білдіріп, арнайы құттықтау бейнежазбасын жеткізді. Оқырмандар ерекше әсер алып, естелік суретке түсіп, көңілді тарасты.
|
|
|
Қаламызда талантты зағип азаматтар үшін арнайы ұйымдастырылған «Шамшырақ» өңірлік өнер фестивалі болып өтті.
Фестиваль зағип азаматтардың мүмкіндіктері туралы түсінікті өзгертуге, олардың қоғамға қосқан ерекше үлесін көрсетуге, қоғамда оң көзқарас қалыптастыруға, шығармашылықта керемет нәтижелерге қол жеткізе алатынын көрсетуге, инклюзивтілікке жол ашуға бағытталған.
Облысымыздың түкпір-түкпірінен келген қатысушылар тактильді өнер, проза, поэзия, актерлік шеберлік, аспапта орындау, вокалдық орындау секілді номинациялар бойынша бақ сынасты.
Ақын-жазушылардан, мәдениет-өнер майталмандарынан, қоғам қайраткерлерінен, елімізге белгілі вокалист және хореограф мамандардан құралған қазылар алқасы мүшелері ұсынылған жұмыстарды тақырыпқа сәйкестілігі, стилінің бірегейлігі, инновациялық және эксперименттік көзқарасы, көрерменге эмоционалды әсер етуі және т.б. бойынша бағалады.
Бастысы аталмыш фестиваль зағип адамдардың проблемалары мен қажеттіліктері туралы қоғамның хабардарлығын арттыруға, әр адамның тең мүмкіндіктері бар инклюзивті қоғам құруға және көру қабілеті нашар адамдардың қоғамның мәдени-шығармашылық дамуы үшін ерекше қабілеттері мен таланттары бар екенін баса көрсетуге арналған.
|
СІЗ ҚОНАҚҚА ЖИІ БАРАСЫЗ БА , ҚОНАҚТЫ ЖИІ ШАҚЫРАСЫЗ БА?
«Тағдырластар» клубының қазан айындағы кездесуі
Бүгін Шымкет қалалық арнайы кітапханада «Сіз қонаққа жиі барасыз ба, қонақты жиі шақырасыз ба? атты тақырыпта «Тағдырластар» клубының кезекті басқосуы болып өтті. Кеш барысында аталған тақырыпқа сай сұрақ жауаптар мен пікір алмасу, сондай-ақ түрлі ойындар ұйымдастырылды. Қоржын қалта айдарында сұрақтар қойылып, қатысушылар белсенділікпен жауап беріп сый-сияпатпен марапатталды.
Айтулы кешке Солтүстік Қазақстан облысы, Павлодар қаласынан Алдабергенова Айман, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласынан Изкулова Шынар арнайы келіп қатысып, қонақ болды. Кеште Талиев Алладин, Каттабекова Гүлсара, Зебо Дадаева, Оралбек Махамбетұлы әуезді ән шырқап, көпшілікке керемет сезім сыйлады. Алыстан арнайы келген қонақтар өз ықылас лебіздерімен бөлісіп, ризашылықтарын білдірді.
Кешті тізгіндеген Ербек Бакиев кітаптар әлеміне ой жүгіртіп, оқырмандардың пайым-парасатын жан-жақты қамтып отбасылық бағытта, қонақ күту мен қонаққа бару хақында әртүрлі ой толғады. Кешке қатысқан жандар өз әсерлерін ортаға салып, естелік суретке түсіп, ортақ таныстық орнатып, көңілді тарасты. Арнайы кітапхана төрі әрдайым қонақжай әрі оқырманға қызмет етуге дайын.
|
|
|
|
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>
|
Страница 4 из 32 |