1 маусым – Балаларды қорғау күні!
Құрметті оқырман!
Сіздерді «Халықаралық балаларды қорғау күнімен» шын жүректен құттықтаймыз!
Мерекеге орай Шымкент қалалық арнайы кітапхана ұжымы қаламыздағы орталық саябағында болған іс - шараға белсене ат салысып, брайль әліпбиінен бастап түрлі тифлоқұралдарды сонымен қатар брайль қарпіндегі кітаптарды қала тұрғындары мен жас бүлдіршіндерімізге кеңінен таныстырып, техникалардың қолдану тәсілдерін көрсетіп, балалардың қызығушылығын арттырды.
Әншілер - ән шырқап, бишілер - би билеп, қойылған көріністер бүлдіршіндердің бүгінгі мерекесін есте қаларлықтай етті.
Барлықтарыңызды бүгінгі қуанышты мерекемен құттықтай отыра, еліміздің келешегі болар өскелең ұрпаққа ашық аспан, бейбіт өмір, бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз.
|
|
Workshop on the exchange of experience 04,2023 |
“Шекарасыз қолжетімділік: Зағиптарға арналған кітапхана және жоғары оқу орындарының инклюзивті қоғам құрудағы ынтымақтастығы”
Бұл іс-шара Шымкенттегі зағип азаматтар, жоғары оқу орындары мен колледждерге арналған кітапхана өкілдерін инклюзивті білім беру саласындағы өзекті мәселелер мен озық тәжірибелерді талқылау үшін біріктірді.
???? Семинар - зағиптарға арналған Қазақ шрифтінің көрнекті авторы Ақан Қасымовтың 95 жылдығына орайластырылған. Ақан Қасымов - инклюзивті білім беруді дамытуға және зағиптар үшін ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосты. Оның жұмысы Қазақстандағы мыңдаған зағип студенттерге білім алуға және қоғамға кірігуге мүмкіндік берді.
|
|
Кітапханаға сурдоаудармалы саяхат |
Экскурсия по библиотеке с сурдопереводом |
|
|
|
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>
|
Страница 3 из 10 |